Болашақта сайлау жәшіктері бюллетендерді автоматты есептейтін техонологиямен жабдықталады —Бағдат Мусин

19.03.2023, 10:04
673
Болашақта сайлау жәшіктері бюллетендерді автоматты есептейтін техонологиямен жабдықталады —Бағдат Мусин Inform.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин келешекте дауыс беру жүйесіне 2 жаңашылдық енгізу жоспарланып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Министрдің айтуынша мұндай тәсіл сайлау процесіне жалған бюллетендердің қосылуын болдырмайды.

«Біз Орталық сайлау комиссиясымен бірге екі мәселені талқылап жатырмыз. Мысалы, дауыс берушіні сайлау округіне бекіту және тіркеуден шығару мәселесі бар. Бір облыстан екінші облысқа барып дауыс беретін болса, тұрғылықты округте тіркеуден шығуы керек. Келешекте осыны онлайн түрде жасауға болады», - деді ол депутаттар сайлауында дауыс беріп болғаннан кейін.

Сондай-ақ Бағдат Мусин сайлау жәшіктерін жаңа технологиямен жабдықтау мәселесі талқыланып жатқанын атап өтті.

«Жәшікке бюллетеньді салған кезде қанша бюллетень түскенін автоматты түрде көрсетіп тұрса деген ойымыз бар. Яғни, мұндай технология салған бюллетініңіздің ешқандай қолдан жасалған құжат емес екенін, заңды құжат екенін растайды. Сайлау жәшігі қазіргідей болады. Бірақ кішкентай компьютерлері болады. Осындай ұсыныс бар. Қазіргі таңда бұл бірнеше елде жүзеге асырылған. Келешекте Орталық сайлау комиссиясымен талқылау жалғасады. Қазір бюллетеньдерді бақылаушылар санаса, енді бақылаудың тағы бір механизмі пайда болады. Ол жалған бюллетеньдердің қосылып кетпеуіне септігін тигізеді», - деді министр.
Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады