1384

Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты

Күдікті оқиға орнында ұсталған.

Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облыстық балалар ауруханасында 2 маусым күні 38 жастағы ер адам екі медицина қызметкеріне қол жұмсаған. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді.

Ресми мәліметке сәйкес, күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіледі. Заңсыз әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығы қатаң түрде қамтамасыз етіледі», – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, медицина қызметкерлеріне күш қолдану — қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу болып саналады және мұндай жағдайларға жол берілмейді.

Материал авторы