Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті

13.06.2025, 12:15
484
Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті AP / Vahid Salemi

Еуропа мен Азия биржаларындағы акциялар құлдырады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Израильдің Иран астанасына жасаған соққысы жаһандық нарыққа ықпал етті. Геосаяси шиеленіс мұнай бағасының күрт өсуіне себеп болса, Еуропа мен Азия биржаларындағы акциялар құлдырады.

Brent маркалы мұнай бағасы 8,28%-ға өсіп, 75,10 долларды құрады. АҚШ-тағы WTI эталондық мұнайы 8,8%-ға қымбаттап, баррелі 74 долларға жақындады.

Азия нарықтарында токиолық Nikkei 225 – 1,2%-ға, сеулдік Kospi – 1,4%-ға, гонконгтық Hang Seng – 0,9%-ға, қытайлық Shanghai Composite – 0,8%-ға, ал австралиялық S&P/ASX 200 – 0,3%-ға төмендеді.

The Economist Intelligence талдаушысы Сюй Тиаченнің айтуынша, «Израильдің шабуылы әлемдік он ірі қауіптің қатарына кіреді. Алайда Азия нарығы тез қалпына келеді деп күтілуде, себебі Сауд Арабиясы мен БАӘ тәрізді елдермен байланыс тұрақты».

АҚШ-тағы фьючерстік индекс мәндері де төмендеді: S&P 500 – 1,5%, Nasdaq 100 – 1,7%, Dow Jones – 1,4%-ға азайды.

Дегенмен бейсенбіде Уолл-стритте инфляцияның төмендеуі туралы жағымды мәліметтер аясында акциялар өсім көрсетті. S&P 500 – 0,4%-ға, Dow Jones – 0,2%-ға, Nasdaq Composite – 0,2%-ға көтерілді. Oracle компаниясының акциясы табыс пен кірістің жоғары болуына байланысты 13,3%-ға өсті.

Ал Boeing акциясы 4,8%-ға арзандады. Бұл Үндістандағы Air India әуе кемесінің апатынан кейін болды. Boeing 787 Dreamliner ұшағы ұшқаннан кейін көп ұзамай тұрғын үйге құлаған. Бортта 242 адам болған.

Жалпы, облигация нарығындағы табыстылықтың төмендеуі мен инфляцияның баяулауы АҚШ Федералдық резервінің пайыздық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігіне үміт ұялатып отыр. Келесі аптада ФРЖ отырысы өтеді, дегенмен сарапшылар мөлшерлеме өзгермейді деп болжап отыр.

Валюта нарығында жұма күні АҚШ доллары жапон иенасына шаққанда 143,67 деңгейіне көтерілсе, еуро долларға қатысты 0,5%-ға арзандап, $1,1528 болды.

«Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады «Досымның қарындасы»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш қалай танысқанын айтты (ВИДЕО) «Бала босанды»: 13 жастағы қызды әкесінің інілері 6 жыл бойы зорлап келген «Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған Астаналық тұрғын WhatsApp-тағы 2 хабарламасы үшін 2,5 жылға сотталды Балғынбек Имашевтың ұлынан Меккеге жолдама сатып алған тағы 40 шақты адам шу шығарды «Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті