«Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды

13.06.2025, 12:49
1745
«Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды әлеуметтік желі

Air India ұшақ апатынан бір ағайынды тірі қалды, екіншісі қаза тапты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 12 маусымда Үндістанда болған әуе апатында 242 жолаушының ішінде тек бір адам ғана тірі қалды. Ол — Ұлыбританияда тұратын, үндістандық тегі бар 40 жастағы Висваш Рамеш.

Ол бауыры, 35 жастағы Аджайкумар Рамешпен бірге Ахмедабадтан Лондонның Гатвик әуежайына ұшатын рейспен сапарға шыққан. Екеуі де іссапармен Үндістанға келген.

Апат кезінде Висваш ұшақтың 11А орнында, апаттық шығуға жақын отырған. Ал ағасы Аджай — дәл сол қатарда, бірақ екінші жағындағы 11J орнында болған.

Оқиғадан кейін жараланған Висваш адамдардан:

«Аджайды табыңдар, өтінем, Аджайды табыңдар», — деп жалынып сұраған.

Алғашқы сағаттарда отбасы Аджай туралы ақпарат іздеп әлек болды, себебі оның телефоны ұзақ уақыт бойы жауап беріп тұрған. Алайда кейін Air India әуекомпаниясы рейсте болған 242 адамның 241-і қаза тапқанын растады. Бұл Аджайдың тірі қалуына үміттің жоқ екенін білдірді.

— Біз Аджай тірі қалып, ауруханаға жеткізілді деп үміттендік, — дейді туыстарының бірі Наянкумар.

Air India әуекомпаниясының AI171 рейсі 12 маусымда Ахмедабад әуежайынан ұшқан соң көп ұзамай апатқа ұшыраған. Ұшақ Лондонға бет алған.

БАҚ дерегінше, апат орны — тұрғын үй маңы. Құтқарушылар үйінділердің астынан 30-35 адамның денесін алып шықты. Ұшақтың құлауына құстармен соқтығысу себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

Апатқа байланысты Қазақстан Президенті Үндістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды