Халықаралық байқаушы бюллетеньдегі «бәріне қарсымын» бағанына қатысты пікір білдірді

19.03.2023, 12:13
462
Халықаралық байқаушы бюллетеньдегі «бәріне қарсымын» бағанына қатысты пікір білдірді smartnews.kz

Кавказ тарихы орталығының директоры (Әзербайжан), байқаушы Ризван Наджаф оғлы Гусейнов Қазақстандағы сайлау бюллетенінде жазылған «бәріне қарсымын» бағанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Таңертең қаладағы біраз сайлау учаскесінде болдым. Жалпы, халықтың дауыс беруге келуі қарқыны жақсы және түске қарай бұдан да жоғары болады деп ойлаймын. Қазақстанда сайлау бюллетенінде «бәріне қарсымын» деген жолақ бар. Осы орайда кез келген сайлаушы тізімдегі үміткерлерге өзінің қарсылығын айқын білдіре алады. Бұл өз кезегінде демократияның көрсеткіші деп білемін. Адамдар осы арқылы өз көзқарасын ашық көрсетеді. Сайлау қорытындысы бойынша «бәріне қарсымын» жолағын белгілеген адамдар саны сарапшылар мен әлеуметтанушылар үшін қызық болады деп санаймын. Өйткені осының барлығы сайлауалды бағдарламасының қаншалықты тиімді болғанын көрсетеді», - деді Ризван Наджаф оғлы Гусейнов елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингіде.

Өз кезегінде саясаттанушы, Кавказ халықаралық университетінің профессоры (Грузия) Вахтанг Маисая дауыс беруге келіп жатқан сайлаушылар қарқыны жақсы екенін құптады.

«Таңертеңнен бері 11 сайлау учаскесінде болдым. Атап айтқанда, елеулі кемшіліктер байқалмады», - деді В. Маисая.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты