595

Нұрсұлтан Назарбаев елордада дауыс берді

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Нұрсұлтан Назарбаев елордада дауыс берді
liter.kz

Нұрсұлтан Назарбаев елорданың «Астана Опера» театрында №393 сайлау учаскесінде дауыс берді және келушілерді Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Наурыз мерекесі баршаларыңызға, бүкіл халқымызға жақсылық, көктемнің жарығы мен қуанышын әкелсін. Әр жанұяға жақсылық тілеймін, әумин», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.