«Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған

Азиз Қалижан Редактор
13.06.2025, 17:31
2170
«Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған бейнежазбадан

Әнді 1500 долларға сатып жібердім дейді Мұхтар Ниязовтың шәкіртімін деген ақын жігіт.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде әнші Ұланғасыр Қамидың репертуарындағы танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы үй-күйсіз жүргені туралы видео тарады. Ән мәтінін жазған адамның аты-жөні — Шуақ Рахымберді. Ол ішімдікке салынып, қаңғыбастық күйге түскен.

Шуақтың айтуынша, ол «Белые розы тербеткен би алаңы…» деп басталатын өлеңін сүйіктісі Раушанға арнап жазған. Кейін бұл мәтінді небәрі 1,5 мың долларға сатқанын ашық айтты.

«Ұланғасыр Қами айтатын. Сатып жібердім, 1,5 мың долларға. Жан жарым Раушанға арнап жазғанмын. Өлең шығардым, Мұхтар Ниязовтың шәкірті болдым. Өткен өмірді қазбаламай-ақ қояйық», – деді ол TikTok-та жарияланған видеода.

Видео жарияланғалы бері желі қолданушылары арасында Шуақ Рахымбердіні танитындар да табылып жатыр. Олардың айтуынша, ол бала кезінде өте белсенді, оқуда озат болған. Бірі оны ақын, екіншісі КВН-ге қатысушы ретінде еске алады.

«Қайран парталасым-ай, не болып кеткенсің?», «Шуақ деген кісі ғой, өзі ақын, бір жағынан жылқы сатып алатын еді, неге мұндай халге түскен?», «94 жылғы, кезінде талай айтыста айтысып едік», «Шуақ есімді жігіт қой, ауылдасым, мектепті жақсы оқыған, белсенді еді. КВН-ның бәріне қатысатын»,  - делінген TikTok пікірлерінен.

Әзірге Шуақтың қазіргі жағдайы бойынша жергілікті органдар тарапынан ешқандай ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Алайда көпшілік желіде оны бұл күйден алып шығуға ниетті екенін білдіріп жатыр.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды