«Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады
Бұрынғы жүктіліктерімде тығылып жүрдім, енді көп фото-видео болады дейді ол.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса әрі әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде жүктілік кезіндегі ерекше фотоларын жариялап, көпшіліктің талқысына түсті.
Ол бұл жүктілігінде өз сезімін еркін көрсетуді жөн санағанын айтты.
— Осы жүктілігімде өте көп фото-видео болады. Өйткені бұрынғы жүктіліктерімде тығылып жүрдім. Ал қазір кешіріп қойыңыздар! Осы ғажап күйімді өткізіп алғым келмейді, — деп жазды өнер иесі Instagram парақшасында.
Алайда оқырмандардың бір бөлігі актрисаның таңдаған образына наразы болды. Кейбірі «мен ғана ма ұялып отырған?» десе, енді бірі оны «ұл-қызыңнан ұялсаңшы» деп сөкті.
«Адам жынды болам десе, бір минут екен ғой», «Атасы көріп қоймаса екен», «Өте жаман көрінеді», — деген сыни пікірлер де көптеп жазылды.
Жұлдыз Әбдікәрімова — көпбалалы ана. Бұл — оның жетінші жүктілігі.
Материал авторы