857

Моңғолия бақылаушысы сайлаудың қалай өтіп жатқанына баға берді

Шанхай Ынтымақтастық ұйымы атынан халықаралық байқаушы болып келген Моңғолия Парламентінің мүшесі Бейсен Бұланұлы депуттар сайлауы қалай өтіп жатқаны туралы пайымын айтты.

Моңғолия бақылаушысы сайлаудың қалай өтіп жатқанына баға берді
Jambylinfo.kz
«Біріншіден партиялар тізімдерін 70 пайыз жаңартыпты. 30 пайызы жастар мен әйелдерге, мүгедектігі бар азаматтарға берілген екен. Мұның өзі демократия. Екіншіден, сайлауға үміткерлер бағдарламасын, суреттерін көше бойларына іліп қойыпты. Оның өзі үлкен демократия. Үшіншіден сыбайластық жоқ сияқты көрінді. Сондықтан осы жолғы сайлау жақсы бола ма деп отырмын. Бүгін міне қар жауды. Сонымен бірге Қазақстан жаңарып жатыр ма деп ырымдап отырмын», - деді халықаралық байқаушы.

Сондай-ақ ол елдегі саяси партияларға бірдей мүмкіндік беріліп отыр деп есептейді.

«Сайлауға жаңа партиялар кіріп жатыр. Яғни, әр партияның әлеуеті әр түрлі. Бірінің аудиториясы тым ауқымды болса, бірі шағын ұйым деген сияқты. Кейде үлкен партиялар үстемдік жүргізіп, дауыс беру процесін қолдан реттейтін жағдайлар болады. Ал енді Қазақстанда ондай нәрсені байқамай тұрмыз», - деді Бейсен Бұлан.