Иран ядролық қаруының жоқ екеніне кепілдік беруге дайын екенін мәлімдеді

16.06.2025, 09:30
1067
Иран ядролық қаруының жоқ екеніне кепілдік беруге дайын екенін мәлімдеді Vahid Salemi / AP

Жексенбіге қараған түні Иран тарапы Израильге кемінде 70 баллистикалық зымыранмен шабуыл жасаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Израиль мен Иран арасындағы жаңа зымыран алмасудан кейін, Иран ядролық қаруға ие еместігін ресми түрде кепілдей алатынын мәлімдеді. Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи хабарлады.

Жексенбіге қараған түні Иран тарапы Израильге кемінде 70 баллистикалық зымыранмен шабуыл жасаған. Сонымен қатар Тель-Авивке дрондармен де соққы жасалған. Израильдік БАҚ-тың мәліметінше, шабуыл кезінде Бат-Ям қаласында көпқабатты үй қирап, 7 адам қаза тапты, оның ішінде екі бала бар. Тағы 4 адам, бір отбасының мүшелері, Хайфа маңындағы Тамра қаласында мерт болды. Жалпы ел бойынша жарақат алғандар саны 200-ден асты. Құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін — құтқарушылар үйінділерді аршып жатыр.

Израиль армиясы да өз тарапынан жауап беріп, жексенбі таңында Тегерандағы Иран Қорғаныс министрлігінің штабына соққы жасағанын мәлімдеді. Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац әлеуметтік желідегі жазбасында "Тегеран жанып жатыр" деді.

Израиль тарабының айтуынша, зымыран соққылары Иранның ядролық бағдарламасымен байланысты делінген нысандарға бағытталған. Бұған дейін АҚШ барлау қызметі мен Халықаралық атом энергетикасы агенттігі Иран ядролық қаруға ұмтылып жатқан жоқ деп мәлімдеген еді.

Қазіргі жағдайда Иран билігі тұрғындарды шабуыл кезінде мешіттер, мектептер мен метро станцияларына жасырынуға шақырып отыр. Ал Израильдің қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) ирандықтарды әскери және қару-жарақ өндірісі нысандарынан эвакуациялауға үндеді.

Иранның Революциялық гвардия корпусы шабуылдардың әскери ұшақтарға арналған отын өндіріс орындарына бағытталғанын мәлімдеді және қажет болған жағдайда соққыларды жалғастыратынын ескертті.

Бейбіт келіссөздер тоқтады

Оманның сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаиди ядролық мәселе бойынша алты раундқа созылған жанама келіссөздердің жексенбіде өтпейтінін хабарлады. Алайда АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілі келіссөз үстеліне оралуға үміт бар екенін айтты.

Энергетика нысандарына шабуыл

Жартылай ресми ирандық агенттіктер Израиль дроны Иранның газ өңдеу зауытына соққы беріп, "қуатты жарылыс" тудырғанын хабарлады. Бұл — Израильдің Иран энергетика инфрақұрылымына жасаған алғашқы шабуылы. Газ өңдеу зауыты — Оңтүстік Парс кен орнына қарсы шабуылдың салдары әлі анық емес.

БҰҰ ядролық бақылау агенттігі бейсенбі күні Иранды ядролық міндеттемелерді бұзғаны үшін сынға алған болатын. Уранды байыту деңгейі қазіргі таңда әскери мақсаттағы шекке жақындап қалған.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды