Қазақстандағы алғашқы АЭС-тың құны сараптамадан кейін белгілі болмақ

16.06.2025, 11:33
860
Қазақстандағы алғашқы АЭС-тың құны сараптамадан кейін белгілі болмақ SMARTNEWS.KZ коллажы

АЭС-ті Ресейлік «Росатом» компаниясы салатын болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу құны әзірге нақты емес. Бұл туралы ҚР Атом энергетикасы агенттігі мәлімдеді.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, АЭС секілді күрделі нысанның түпкілікті құнына бірқатар фактор әсер етеді. Олардың қатарында:

– станция орналасатын жердің метео және сейсмикалық жағдайларына байланысты инженерлік-іздестіру жұмыстарының нәтижелері;

– құрылыс материалдары мен жабдықтарды отандық өндірісте шығару деңгейі;

– реактор технологиясын ұсынушы компания құрамына кірмейтін халықаралық жеткізушілерден алынатын компоненттерді пайдалану;

– жергілікті құрылыс және монтаж ұйымдарының қатысу деңгейі мен мамандардың қолжетімділігі;

– логистика, қаржы және өзге де қосымша шығындар.

Агенттік өкілдері "Құрылыстың жобалық кезеңі аяқталып, толық сараптамадан кейін ғана нақты құны анықталады", — деп атап өтті.

АЭС салуға ниетті компаниялардың ұсынысы әзірге жария етілмейді. Себебі бұл деректер құпия болып есептеледі және тараптар арасында ақпарат таратпау туралы келісімдерге қол қойылған.

Сондай-ақ, Ресей тарапы Қазақстанға жеңілдетілген шарттармен экспорттық қаржыландыру ұсынатыны келісілді. Қаржы шарттары бойынша келіссөздер әлі жалғасуда.

Экспорттық несиенің бір бөлігі ұзақ мерзімде дайындалатын күрделі жабдықтарды — яғни, ядролық реактор, бу генераторлары, негізгі циркуляциялық сорғыларды сатып алуға, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарына жұмсалмақ.

"Бұл шығындар жобаны уақтылы іске асыру мен толық ауқымды құрылысқа дайындалу үшін қажет", — дейді агенттік өкілдері.

Ресейлік «Росатом» компаниясы ұсынған ВВЭР-1200 атты заманауи және сынақтан өткен реактор үлгісі (қуаты — 1200 МВт) қазіргі таңда Ресей, Беларусь және Қытайда жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар бұл технологияны Түркия, Египет, Бангладеш пен Венгрия да таңдап отыр.

Еске салсақ, халықаралық сараптама нәтижесінде консорциум басшысы ретінде "Росатом" корпорациясы таңдалған. Енді оның қатысуымен бірлескен консорциум құру жұмыстары басталмақ.

Қазақстандағы алғашқы АЭС Алматы облысы, Жамбыл ауданында салынатын болды.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады