Иран зымыраны Израильдегі әйгілі Вейцман ғылыми институтын атқылады. Институттың қандай маңызы бар?

16.06.2025, 14:30
1135
Иран зымыраны Израильдегі әйгілі Вейцман ғылыми институтын атқылады. Институттың қандай маңызы бар? AP Photo / Ariel Schalit

Иран Израильдің ең беделді ғылыми орталықтарының бірін жарып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ирандық зымыран жексенбі күні таңға жуық Тель-Авивтен оңтүстікте орналасқан Реховот қаласындағы әйгілі Вейцман ғылыми институтының ғимаратына тиді. Бұл — Израильдің ең беделді ғылыми орталықтарының бірі, әскери саладағы жасанды интеллект, дрондар және басқа да жоғары технологиялармен тікелей байланысты нысан.

Апат салдары

Зымыран Вейцман институтындағы электронды микроскопия зертханасы орналасқан ғимаратқа дәл тиген. Әртүрлі саладағы химиялық зертханалар мен аналитикалық орталықтар да орналасқан бұл ғимарат қатты зақымданды. Жарылыстың соққы толқынынан көршілес ғимараттар да зардап шекті.

Израильдік БАҚ апат орнынан фото немесе нақты дерек таратпады — маңызды инфрақұрылым нысандарына жасалған шабуылдарға қатысты ақпарат қатты цензураланады.

Институт жайлы не білеміз?

Вейцман институты — Израиль мен әлемдегі ең ірі ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі. Ол 1934 жылы, Израиль мемлекеті құрылғанға дейін, Хаим Вейцманның бастамасымен құрылған. 1949 жылы оның есімімен қайта аталды.

Қазір мұнда 2500-ден астам зерттеуші мен қызметкер жұмыс істейді. Институт математика, физика, химия, биология, нейробиология және компьютерлік ғылымдар салалары бойынша магистрлік және докторлық бағдарламалар ұсынады. Онда 30-дан астам зертхана, кең ауқымды кітапхана, тұрғын және дәрістік ғимараттар бар.

Бірақ бұл тек академиялық мекеме емес — ол Израильдің ұлттық қауіпсіздік инфрақұрылымының бір бөлігі болып саналады. Вейцман институты армияны технологиялық тұрғыдан қолдайтын негізгі орталықтардың бірі саналады.

Әскерге арналған технологиялар

Институттың ізденістері мен зерттеулері Израиль армиясы үшін маңызды. Олардың арасында:

  • деректерді сараптайтын жасанды интеллект жүйелері;

  • автономды ұшу аппараттары мен дрон технологиялары;

  • радиоэлектронды бақылау және тосқауыл қою жабдықтары;

  • дәстүрлі GPS-ке балама навигация құралдары;

  • құпия байланыс жүйелері;

  • энергетикалық қару-жарақ пен ядролық зерттеулер;

  • жараланған сарбаздарға арналған далада қолданылатын емдеу әдістері бар.

Осы себепті бұл институт Тегеран үшін стратегиялық нысан ретінде қарастырылып отыр. Әсіресе Израиль тарапынан Иран ғалымдары мен әскери нысандарына жасалған соңғы соққылардан кейін.

Қаржыландыру және халықаралық маңыз

Институтты Израиль үкіметі ғана емес, халықаралық еврей ұйымдары да кең көлемде қаржыландырады. Бұл оған әлемнің үздік ғалымдарын тартуға және әскери-ғылыми жобаларды дамытуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Вейцман институты — халықаралық ғылыми ынтымақтастық алаңы. Егер шабуыл нәтижесінде халықаралық демеушілікпен жүзеге асырылған жобаларға залал келгені дәлелденсе, бұл дипломатиялық салдарға да әкелуі мүмкін.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді