132 қазақ азаматы Иранда, 219 — Израильде екені белгілі болды

16.06.2025, 15:15
1014
132 қазақ азаматы Иранда, 219 — Израильде екені белгілі болды report.az

Министрліктің көмегімен 74 азамат Ираннан елге әкелінген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің ушығуына байланысты Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият бақылап отыр. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Қазіргі мәлімет бойынша, Иранда — 132, ал Израильде — 219 Қазақстан азаматы бар. Екі елдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Дипломаттар азаматтармен тұрақты байланыста.

«Қазіргі жағдайда Иран мен Израильдегі отандастарымызға аса қажет болмаса, орын ауыспауға, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, ресми дереккөздерден жаңалықтарды бақылап отыруға және жергілікті биліктің нұсқауларын орындауға кеңес береміз», — деді Айбек Смадияров.

СІМ көмегімен Ираннан 74 қазақстандық шықты

Соңғы күндері Сыртқы істер министрлігі 74 қазақстандықтың Ираннан шығуына жәрдемдескен. Атап айтқанда, 14 маусымда іссапармен барған алты адам Азербайжан арқылы эвакуацияланды. 15 маусымда тағы 68 азамат — оның ішінде дипломаттардың отбасы мүшелері, ОЭС хатшылығының өкілдері мен іссапардағы қызметкерлер — Түрікменстанға шығарылған. Олардың Қазақстанға оралуы алдағы күндері күтілуде.

Сонымен қатар, Ирандағы ҚР дипломатиялық өкілдігі штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр.

Авиарейстерге қатысты қиындықтар

Араб Әмірліктерінде рейстердің жаппай тоқтатылуына байланысты 300-ге жуық қазақстандықтың елге ұшуы уақытша кідірген. Қазір бұл мәселені шешу үшін оқиға орнында дипломаттар жұмыс істеп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жартысынан көбі келісімдер нәтижесінде елге оралады.

Ұшуға тыйым салынған бағыттар

ҚР Туризм және спорт министрлігі 14 маусымда қазақстандықтарға Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан аумағындағы әуе кеңістігінен ұшудан немесе бұл елдерге барудан бас тартуға кеңес берді. Туристерге сапарды жоспарлағанда, әсіресе БАӘ мен Парсы шығанағы елдеріне барарда, тәуекелдерді ескеру қажет.

Үйлестірілген жұмыс жалғасуда

СІМ, Туризм және спорт министрлігі, «Қамқор» туристік қоры мен әуе компаниялары бірлесіп қазақстандық азаматтарға көмек көрсету жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды