Алмас Өтешов басшылық лауазымға тағайындалды

16.06.2025, 15:35
1336
Алмас Өтешов басшылық лауазымға тағайындалды бейнежазбадан

Допинг дауынан соң спорттан шеттетілген белгілі атлетті Бақтияр Артаев директор орынбасары етті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов лауазымды қызметке тағайындалды. 

Ол Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаевтың шешімімен, Олимпиадалық резерв даярлау орталығы директорының орынбасары қызметіне кірісті. Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.

Өтешов бұған дейін, соңғы бес ай бойы, "Мұз айдыны" мекемесінде әдіскер қызметін атқарған.

Айта кетейік, Алмас Өтешов – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, ауыр атлетикадан Азия чемпионы, Азия ойындарының және әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері.

Бұған дейін, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында Алмас Өтешов допинг қабылдағанын мойындаған еді.

Допинг деген дәрі жоқ. Аспирин ішсең де ол допинг болып саналады. Бірақ оның ішінде тестостерон бәрін салады. Допингті тексеретіндермен біздің министрлік келіседі. Ақша бәрі. Бізді тексеруге келгенде «двойник» деген болады бізде. Менің «двойнигім» Айдос деген мысалы інім болды. Алмас Өтешов болып ол тест тапсырады. Илья Ильиннің ағасы бар – Алексей тапсырады. Олар таза болып шығады. Бәрі жемқорлық, – деді Өтешов.

Ауыр атлеттің сөзінше, препарат көптестостерон, пропианат, тернобол, таблеткалар, гармональды таблеткалар. Ол зілтемірді онсыз көтеру мүмкін еместігін айтады.

Илья Ильиннің де допинг қабылдағаны өтірік емес. Бәріміз допинг қабылдадық. Дәріні өзіміз болып ішпейміз. Медициналық жауапты маман, аға бапкер, бас бапкер бар. Солар бізге береді. Бәріне кінәлі Алексей Ни. Соны соттау керек. Қазір қайда ол? Жоқ. Бәрін істеген сол, – дейді Өтешов. 

Еске салсақ, 2016 жылы спортшы допинг дауына ілігіп, жарыстардан шеттетілген болатын. Допинг дауынан кейін дисквалификациядан кейін біраз уақыт жұмыс таба алмай, қиын кезеңдерді өткергенін айтқан еді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды