«Ресейді жамандап еді, үндері шықпай қалыпты»: Пугачеваны жұрт сынап тастады

Азиз Қалижан Редактор
16.06.2025, 15:53
1184
«Ресейді жамандап еді, үндері шықпай қалыпты»: Пугачеваны жұрт сынап тастады maxgalkinru

Ресейді ашық сынаған соң әнші отбасымен бірге Израильге көшкен еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алла Пугачёва Израиль мен Иран арасындағы әскери шиеленіске қатысты пікір білдірмегені үшін әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшырады.

Желіде көптеген қолданушылар әншінің үнсіз қалғанына наразы. Олар Пугачеваның бұған дейін Ресей әрекеттерін ашық сынағанын, бірақ қазіргі Таяу Шығыстағы әскери жанжал кезінде ешқандай мәлімдеме жасамағанын еске салды.

«Бұрын Ресей туралы ашық айтып жүрген еді, ал мұнда – тырс еткен үн жоқ. Бұл – жиіркенішті үнсіздік», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Сынға Алланың жары, Ресейде «шетелдік агент» деп танылған Максим Галкин де ілікті. Ол да Израиль мен Иран арасындағы қақтығысқа қатысты ешқандай пікір білдірмеген.

Еске салайық, 13 маусымға қараған түні Израиль «Қайта оянған арыстан» әскери операциясын бастап, Иран аумағындағы бірқатар ядролық және әскери нысандарды атқылады. Сол күні кешке Иран жауап ретінде «Шынайы уәде – 3» операциясын жариялап, Израильге қарай зымырандар атқанын хабарлады.

Қақтығыс күшейіп келеді. Халықаралық қауымдастық жағдайдың ушығуына алаңдаушылық білдіруде.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды