Шенеунік егіс екпеген фермерлердің жерін шетелдіктерге берем деп қорқытқан

Аиса Махамбет Редактор
16.06.2025, 16:34
1108
Шенеунік егіс екпеген фермерлердің жерін шетелдіктерге берем деп қорқытқан әлеуметтік желі

Жерлеріңді тартып аламын деп қорқытқан шенеулік сынға қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде Самарқанд облысы Ургут ауданының шенеунігі фермерлерді қорқытып, «егін екпегендердің жері шетелдіктерге беріледі» деген мәлімдемесі тарады. Өзбекстан Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл жағдайға ресми түсініктеме беріп, шенеуніктің сөзі заңға қайшы екенін мәлімдеді.

Министрліктің мәліметінше, «Фермерлік шаруашылық туралы» заңға сәйкес, фермерлер жерді жалға алып, өз бетінше жұмыс істеуге құқылы және оларға мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз араласуға жол берілмейді.

Сондай-ақ, жер жалдау келісімшартын мерзімінен бұрын бұзу тек тараптардың өзара келісімімен немесе сот шешімімен ғана жүзеге асады, – деп атап өтті ведомство.

Бұған қоса, барлық жер – мемлекеттік меншік және шетел азаматтарына немесе компанияларына меншікке беру заңмен тыйым салынған.

«Жер шетелдіктерге беріледі» деген мәлімдеме шындыққа жанаспайды, заңдық күші жоқ және министрліктің ресми ұстанымын білдірмейді», – делінген министрлік хабарламасында.

Қазіргі уақытта шенеуніктің айтқанына құқықтық баға беріліп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлерге өз құқықтарын білуге және заңсыз қысым болған жағдайда прокуратураға немесе министрлікке жүгінуге кеңес берді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды