Алматыда танымал өнер адамдары, жазушылар, спортшылар дауыс берді

19.03.2023, 15:30
317
Алматыда танымал өнер адамдары, жазушылар, спортшылар дауыс берді Smartnews.kz

Алматыда бір топ танымал адамдар мен өнер адамдары өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин №376 сайлау учаскесінде дауыс берді. 
ҚР еңбек сіңірген әртісі Бақтияр Тайлақбаев бүгінгі күннің маңыздылығына тоқталды.
«Сайлауға бару – әр адамның борышы. Осы арада «неге?» деген заңды сұрақ туатыны анық. Қазір көптеген мүмкіндік ашылды. Елімізге жақсылық алып келетін өзгерістер орнап жатыр. Көптеген ілкімді іс қолға алынды. Жаңа һәм тың бастамалар көтеріліп жатыр. Қазіргі сайлау демократияға жақын деп есептеймін», – деді әнші.
Жазушы, драматург Дулат Исабеков сайлау учаскесіне ұлттық киіммен келді.
«Мен азаматтық борышымды орындап, жаңа Қазақстанның жаңа адамдары үшін дауыс бердім. Осы мүмкіндікті пайдаланып, барша отандастарымды Наурыз мерекесімен құттықтағым келеді»,- деді Дулат Исабеков


Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ұлықбек Есдәулет бүгінгі сайлау науқанында дауыс беруінің мақсаты – Мәжіліске және жергілікті мәслихаттарға халыққа жаны ашитын білімді тұлғаларды таңдау екенін атап өтті. 

photo

«Елімізді жаңарту, Әділетті Қазақстан құру, әділ қоғам құру – оңай шаруа емес. Оның бір басы әрине, заңдарға келіп тіреледі. Сондықтан Парламентте отыратұғын ертеңгі заң қабылдаушы тұлғалар жан-жақты білімді, зиялы және еліне-жеріне, халқына жаны ашитынтұғын адам болуы керек. Біз бүгінгі сайлауда Парламентке дәл сондай тұлғаларды, ел мұң-мұқтажын көре білетін, айта білетін және заң жүзінде іске асыра алатын адамдарды таңдау үшін өз даусымызды бердік. Сайлау учаскесіне келгендегі ойым осындай болды», – деді Ұ.Есдәулет.
Ал, актер Әсет Иманғали елдің ертеңі өз қолымызда деп есептейді.
«Бүгін бізде мемлекетімізде айтулы күн. Елдің ертеңі өз қолымызда. Елдің елдігі, береке-бірлігінде. Мен сайлауға барып өз таңдауымды жасадым. Сіз де қапы қалмаңыз. Бұл еліміздің ертеңі, ұрпағымыздың болашағы үшін үлкен шешуші сәт», - деді актер.
№542 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасаған «Дарын» мемлекеттік Жастар одағы сыйлығының лауреаты, актер Байғали Есенәлиев бүгінгі сайлаудың ел болашағы үшін маңызды науқан екенін тілге тиек етті.

photo


«Сайлаудың жауапкершілігі үлкен. Осыған дейін де бұндай науқандарға қатыстық. Бастысы қоғам жаңарса екен деген ниетіміз бар. Бұл жолы көптеген игі өзгеріс болатын сияқты. Әсіресе, халық ішінен шыққан тұлғаларды байқаймыз. Қарапайым жұрттың арасынан депутат шыққаны жөн. Сайлаушылардың басым бөлігінің даусын жинап, халық сайлаған депутат атанса, одан асқан бақ болмас. Елдің ішінде жүргендер халықтың мұң-мұқтажын біледі. Нағыз ел-жұртының жағдайын жасай алатын, сайлауалды бағдарламасына сәйкес іс қылатын азамат сайланса деген ізгі тілегіміз бар»,- деді ол.

photo


М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов №387 сайлау учаскесінде дауыс берді.
«Бүгін Қазақстанның әрбір азаматы үшін аса жауапты күндердің бірі. Өйткені еліміздің болашағы, мемлекетіміздің дамуы жөніндегі үлкен іске қадам жасалып жатыр. Осы өткен бір жылдың ішінде қаншама саяси науқандар өтті. Сонда халқымыздың әрқашан сергектік көрсетіп келе жатқанын көруге болады», – деді Кенжехан Матыжанов.
Сондай-ақ медицина ғылымдарының докторы, нутрициолог, ғалым Төрегелді Шарманов өзінің сайлау учаскесіне келіп, ел алдындағы азаматтық борышын орындап, Мәжіліс пен мәслихат депутаттарына дауыс берді.

photo

 

photo

 

photo
«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады