577

107 жастағы кейуана: Еліміздегі саяси науқаннан менің де қалыс қалғым келмеді

Жетісу ауданындағы №43 мектепте орналасқан №343 сайлау учаскесінде екі ғасырдың куәсі Қанша Жақсыбаева дауыс берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

107 жастағы кейуана: Еліміздегі саяси науқаннан менің де қалыс қалғым келмеді
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Кейуананы сайлау учаскесіне қызы алып келді.

Алматының ең қарт тұрғыны Қанша Жақыбайқызы 1916 жылы 18 шілдеде дүниеге келген. Бұл күнде 26 немере, 36 шөбере, 19 шөпшек көріп отыр. Жастайынан тағдыр тауқыметін тартып, өмірдің бар белесінен өтті. Ұзақ жылдар бойы колхоздың қызылшасын екті. Қой бақты, сиыр сауып, сауыншы да болды. Қара жұмыстың барлығын атқарып, жұмысшы болды. Нағыз еңбек адамы атанды.

«Еліміздегі саяси науқаннан менің де қалыс қалғым келмеді. Сондықтан, сайлау комиссиясына өтініш білдіріп, сайлауды, көзіммен көріп қатысайын деп шештім. Менің даусымның аз да болса, еліміздің өркендеуіне себі тиер деп ойлаймын. Мен келешек үшін дауыс бердім», – дейді Алматының қарт тұрғыны.