Еуроодақ өкілі: АҚШ мұрнын сұққан сайын, Таяу Шығыстағы соғыс ушығып барады

18.06.2025, 14:04
1283
Еуроодақ өкілі: АҚШ мұрнын сұққан сайын, Таяу Шығыстағы соғыс ушығып барады Siim Lõvi/ERR

Еуроодақ өкілі Трампқа Иран мен Израиль арасындағы шиеленіске араласпа деп ескертті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі өкілі Кая Каллас АҚШ-ты Иран мен Израиль арасындағы шиеленіске әскери араласудан сақ болуға шақырды. Оның айтуынша, мұндай қадам бүкіл Таяу Шығыс өңірін қамтитын ауқымды соғысқа әкелуі мүмкін.

«Егер араласу орын алса, бұл тек Израиль мен Иран емес, бүкіл өңірді қамтитын кең ауқымды қақтығысқа айналады. Бұл ешкімнің мүддесіне сай келмейді», – деді Каллас 27 ЕО елінің сыртқы істер министрлерімен онлайн кездесуінен кейін.

Калластің бұл мәлімдемесі АҚШ президенті Дональд Трамптың «АҚШ араласуы мүмкін» деген сөзіне жауап ретінде айтылды. Трамп жексенбіде:

«Мүмкін біз араласатын шығармыз. Қазір бұл іске қатыспаймыз, бірақ егер Иран америкалық күштерге тиіссе — соққы береміз», – деген болатын ABC News-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, АҚШ Иранмен қарулы қақтығысқа қатысу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Израиль мен Иран арасындағы ашық соғыс жалғасып жатқан тұста, Axios басылымы Израильдің Вашингтонды жанжалға тікелей араластыруға тырысып жатқанын хабарлады. Осы жағдай аясында АҚШ билігі Таяу Шығысқа USS Nimitz атты авианосецін жөнелтті.

АҚШ президенті Дональд Трамп жағдайдың күрделенуіне байланысты Канадада өтіп жатқан G7 саммитінен ерте кетіп, Вашингтонға оралды. Президент бұған дейін ABC News-ке берген сұхбатында, егер Иран америкалық күштерге шабуыл жасаса, АҚШ «жауап беретінін» ашық мәлімдеген болатын.

Ал Еуропалық одақ Иранның ядролық қару жасауына қарсы болғанымен, оның бейбіт ядролық бағдарламасына тыйым салуға қарсы емес. Алайда Трамп әкімшілігі Ираннан ядролық бағдарламаны «толық және нақты» тоқтатуды талап етуде.

Жағдай одан әрі ушығатын болса, Таяу Шығыс көлеміндегі кең ауқымды соғыс қаупі туындайтыны жөнінде сарапшылар мен дипломаттар ескертіп отыр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды