«Жүкті кезде ішіме отырып, тоқтамай ұрды»: Танымал блогер бұрынғы күйеуінің көрсеткен қорлығын әшкереледі (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
18.06.2025, 14:34
1120
«Жүкті кезде ішіме отырып, тоқтамай ұрды»: Танымал блогер бұрынғы күйеуінің көрсеткен қорлығын әшкереледі (ВИДЕО) бейнежазбадан

Журналист күйеуі қызды алып қашып, артынша оған күн бермеген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қалаулым» бағдарламасы арқылы танылған блогер Зарина Сапар бұрынғы күйеуі Айдос Игіліков тарапынан көрген қорлығын жайып салды. Ол ауыр оқиғаларын «Айтарым бар» подкастында бөлісті.

Заринаның айтуынша, экс-жолдасы – журналист әрі медиа маманы Айдос Игіліков оны эфирде отырған жерінен алып қашқан. Бұған бағдарлама редакциясы да, қатысушылар да сенбеген.

«Айдос мені сырттай ұнатады екен, бірақ біз мүлде жұп болып жүрген емеспіз. Тіпті флирт те болмады. Алып қашты. Ұят болады деп, басында сеніп қалдым. Бірақ неге екенін білмеймін, жолда да, барған кезде де ұйықтап жаттым. Ішімнен бір күдік бар: мүмкін, бір нәрсе ішкізген болар. Барған жерім де адал келдің бе деп тексерді», – дейді блогер.

Оның сөзінше, некеден кейін екі апта өтпей жатып, Айдос оған алғаш рет қол көтерген.

«Ең алғаш өз ақшамды анама жібергенім үшін боқтап, ұрды. Ол – тұрмысқа шықпай тұрып тапқан ақшам. Есімнен танғанша ұрып, қылқындырған кезі болды. Денеме із түспейтін, адам көрмейтін жерден ұратын. Телефонды сындырып тастайды, үйіме хабарласа алмауым үшін. Бұл – жай ашумен болған нәрсе емес, нақты жоспарланған зорлық. Одан аяғым ауыр кезде, ішіме отырып алып басымды екі жаққа соқты. Өзі біледі, еркек болса, мойындасын», – деді Зарина.

Көпшілікке танымал қос тұлғаның арасындағы жанжал әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Айдос Игіліков әзірге бұл мәлімдемелерге жауап бермеді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды