Илон Маск «нашақор» деген айыптан кейін тест нәтижесін желіге жариялады

18.06.2025, 16:51
1001
Илон Маск «нашақор» деген айыптан кейін тест нәтижесін желіге жариялады YouTube/PowerfulJRE

Маск ресми зертхана қорытындысын жария етті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск есірткі қолданды деген айыптаулардан кейін есірткіге тапсырған тестінің нәтижесін жария етті. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Маск жариялаған ресми зертхана қорытындысына сәйкес, оның ағзасынан ешқандай тыйым салынған зат табылмаған. Ол бұл мәліметтерді өзінің есірткі қолданды деген күмәнге жауап ретінде ұсынды.

Бұған дейін The New York Times басылымы Илон Масктың түрлі психобелсенді заттарды – соның ішінде кетамин, экстази мен галлюциноген саңырауқұлақтарды — жүйелі түрде қолданғанын жазған. Басылым дерегінше, бұл әрекеттер қазіргі АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды науқаны кезінде орын алған.

Сондай-ақ, Маск Трамп әкімшілігіне кіріп, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға жауапты ведомство — DOGE-ге жетекшілік еткеннен кейін де, оның есірткі қолдануды жалғастырған-жалғастырмағаны белгісіз күйде қалған.

Маск бұл айыптауларды қатаң түрде жоққа шығарды және The New York Times-тан ресми түрде кешірім сұрап, жалған ақпаратты теріске шығаруды талап етті. Ол ашықтық пен адалдықты ұстанатынын айтып, есірткіге анализ қорытындысын қоғам назарына ұсынды.

Масктың әрекеті интернетте қызу талқыға түсіп, оның жеке өміріне деген қызығушылықты одан әрі арттырды.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады