Қаржы министрлігі табысын жасырған 438 блогерге қатысты тексеру жүргізбек

18.06.2025, 17:32
1090
Қаржы министрлігі табысын жасырған 438 блогерге қатысты тексеру жүргізбек SMARTNEWS.KZ коллажы

Салықтан жалтарып жүрген блогерлер әшкере болады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қаржы министрі Мәди Такиев елімізде табысын жасырған жүздеген блогерге қатысты тексеру басталатынын жеткізді. Бұл туралы ол Мәжілістің жалпы отырысынан кейінгі брифингте айтты.

Министрдің айтуынша, бүгінге дейін 854 блогерге 72 млрд теңге көлемінде табыс салығын төлеу туралы хабарлама жіберілген. Оның ішінде 394 блогер 11,8 млрд теңге салық төлеген.

«Блогерлер 2026 жылғы 31 наурызға дейін декларация тапсыруы тиіс, яғни табысын растайды. Жалпы, блогерлермен үлкен жұмыс жүргізілді. Мыңдаған блогерге салық төлемі туралы хабарлама жіберілді», — деді Мәди Такиев.

Ал қалған 438 блогердің салықтық міндеттемесі тексеріледі.

Министр бұған дейін 360-қа жуық блогердің өз еркімен 10,5 млрд теңге табысын растағанын, бұл бойынша 256 млн теңге көлемінде салық төленгенін атап өтті.

Жалпы, мемлекеттің блогерлер табысына назар аудара бастауы медиа нарығындағы көлеңкелі қаржы ағынын азайтуға бағытталған қадам ретінде қарастырылып отыр.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды