Франция мен Испания Ресей азаматтарына виза ережелерін қатаңдатты

18.06.2025, 18:47
878
Франция мен Испания Ресей азаматтарына виза ережелерін қатаңдатты freepik.es

Ресейліктердің Еуропаға кіру мүмкіндігі азайып келеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Францияның шетелдік аймақтарына бару үшін енді ресейліктерге арнайы DFA визасын рәсімдеу қажет. Ал Испания 2024 жылғы 12 шілдеден бастап ресейлік азаматтардан транзиттік виза талап етеді. Бұл туралы Ресейдің Туроператорлар қауымдастығы мен Испанияның Мәскеудегі консулдығы хабарлады.

Францияның талаптары қандай?

Бұрын Францияның шетелдік аймақтарына (мысалы, Француз Полинезиясы, Мартиника, Гваделупа, Реюньон, т.б.) бару үшін алты айлық шенген визасы жеткілікті болатын. Енді Ресей мен Беларусь азаматтарына арнайы DFA визасын алу міндеттеледі.

Жаңа талаптар Францияның ұлттық визасы (категория D) барларға, сондай-ақ ЕО және ЕЭЗ елдерінде (мысалы, Германия, Норвегия, Исландия, Лихтенштейн) тұруға ықтиярхаты бар адамдарға қолданылмайды.

Испания не өзгертті?

2024 жылдың 12 шілдесінен бастап ресейлік азаматтар Испания әуежайлары арқылы халықаралық транзит жасағысы келсе, TAP санатындағы транзиттік виза алуы тиіс. Бұрын транзиттік аймақтан шықпасаң, ондай виза талап етілмейтін.

Бұл талап шенген визасы немесе ЕО елінде тұруға рұқсаты барларға жүрмейді.

Бұған дейін Чехия (2022), Ұлыбритания (2023) және Франция (кейбір бағыттар үшін) транзиттік визаларды енгізген. Ал 2024 жылғы мамырда Норвегия Ресей азаматтарына туристік және транзиттік сапарларға толық тыйым салды.

Осылайша, Еуропа елдері Ресей азаматтарына шектеулерді біртіндеп күшейтіп келеді. Бұл виза саясаты туризм мен іскерлік сапарларға тікелей әсер етуде.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді