Енді «Мисс Қазақстан» байқауына трансгендерлер қатыса алады

Азиз Қалижан Редактор
18.06.2025, 20:10
913
Енді «Мисс Қазақстан» байқауына трансгендерлер қатыса алады Sputnik / Рамиль Ситдиков

Ұйымдастырушылар мәлімдеме жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Мисс Қазақстан» сұлулық байқауы енді дене бітімі ерекшелеу арулар мен трансгендер адамдар үшін де ашық.

Бұл туралы 18 маусымда өткен баспасөз мәслихатында байқауды ұйымдастырып отырған Miss Qazaqstan қоғамдық қорының директоры Айжан Рузаева мәлімдеді.

«Plus-size арулар қатыса алмайды дегенді кім айтты? Біз мұндай қатысушыларды қуана қарсы аламыз. Біз бәрін күтеміз. Мейлі ол трансгендер болсын, мейлі plus-size болсын — бұл еркін таңдау. Егер адам өзін солай сезінсе, қатыса алады. Біз бәріне ашықпыз. Егер plus-size қыз келіп, әдемі, харизмасы мықты, жарқын болса — біз оны да қарастырамыз. 90-60-90 өлшемдері баяғыда-ақ ұмыт болған», — деді Рузаева.

Айта кетейік, биылғы байқаудың финалы ерекше форматта — Алматы метросының «Мұхтар Әуезов театры» станциясында өтпек. Кеш 30 қараша күні сағат 23:00-де басталады. Мұндай түнгі уақыт жолаушылар қозғалысына кедергі келтірмеу үшін таңдалған.

Финал жабық форматта өтеді, билет сатылмайды. Байқауды тек арнайы шақырту алған 90 адам — журналистер, блогерлер мен демеушілер ғана тамашалай алады. Ал көпшілікке онлайн трансляция арқылы қолжетімді болады.

«Мисс Қазақстан» — елдегі ең танымал әрі беделді сұлулық байқауларының бірі. Соңғы жылдары бұл конкурсқа қатысу шарттары либералды бола бастады. Ұйымдастырушылар қазіргі заман талаптарына сай болу үшін инклюзивтілікке бет бұрып отыр.

Бұл шешім ел ішінде түрлі пікір тудырып жатса да, ұйымдастырушылар байқауды барша әйел баласына ашық алаң ретінде ұсынуды көздеп отыр.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды