854

«Тіркеліп үлгеру керек»: Халық Дәулет Мұқаевқа тұсау кестіру үшін кезекке тұрып жүр

Ол екі күнде 60 баланың тұсауын кесетінін айтты.

«Тіркеліп үлгеру керек»: Халық Дәулет Мұқаевқа тұсау кестіру үшін кезекке тұрып жүр
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауыншаМәжіліс депутаты әрі блогер Дәулет Мұқаев 5-6 шілде күндері 50-60 баланың тұсауын кесетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жарнама жариялап, өз оқырмандарына ескерту жасады.

«Stories-те жарнама бере сала менеджерге жазып, тіркеліп үлгеру керек. Бір жарнама бергенде 10-12 минут ішінде 50-60 баланың тізімі толып қалады. Содан кейін жарнама өшеді, менеджердің байланыс нөмірлері де өшеді», — деді Мұқаев.

Ол тұсау кесу рәсімін ақысыз түрде атқарып жүргенін айтты. Яғни, ешқандай ата-анадан бұл үшін ақша алмайды.

«Баламның тұсауын кесіп берші» деген өтініш көбейіп кеткен соң, осындай екі күндік арнайы акция өткізуге мәжбүр болдым», — дейді депутат.

Мұндай іс-шараны ол бұған дейін де бірнеше рет ұйымдастырған. Мұқаев тұсау кесуді балаға тілек айту мен батаның бір түрі деп есептейтінін және бұл дәстүрді қолдайтынын жиі айтып келеді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор