«Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті

18.06.2025, 22:05
943
«Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қызылорда қаласының «Өнер орталығында» облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Заң және Тәртіп» қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мен өзара іс-қимылдың басымдықтары» тақырыбында форум өтті.

Ауқымды жиынға ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Абзал Құспан, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, құқық қорғау органдары мен жауапты сала басшылары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы қоғамдық қауіпсіздік пен заңдылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы бірлескен маңызды міндеттерді айқындады.

«Биыл 1 сәуірде Үкімет қаулысымен «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдама» бекітіліп, нақты міндеттер белгіленді. Өңірімізде «Заң мен Тәртіп» қағидасын іске асыруда облыс прокуроры Ризабек Кәрімұлымен бірлесіп кешенді шараларды қолға алып, жаңа бастамаларға үздіксіз қолдау көрсетіп келеміз.

Құқық қорғау органдарымен бірлесе жүргізілген кешенді әрі үйлесімді шаралардың нәтижесінде өңірімізде ахуал тұрақты. Статистикалық ақпаратты салыстырмалы түрде қарасақ, 2015 жылы аймақта 6 мыңға жуық қылмыс тіркелген болса, нақты жұмыстың нәтижесінде бұл көрсеткіш 1158-ге дейін азайды. Соңғы үш жылда құқық бұзушылық деңгейі едәуір қысқарды.

Бүгінде тіркелген қылмыстық құқықбұзушылық саны бойынша Қызылорда облысы республикадағы ең төменгі позицияда, яғни 20 өңірдің ішінде 19-орындамыз. Біздің міндет – тек көрсеткішті емес, құқық бұзушылықты тұрақты түрде азайту.

Жол-көлік оқиғаларын азайтуда жол инфрақұрылымын дамытуға басымдық бердік. Түрлі гаджеттер мен смартфондағы қосымшалар арқылы жасалатын алаяқтық пен кибершабуылдар сәт сайын өзгеріп, жаңаруда. Қаржы пирамидалары, лудомания және интернеттегі буллинг азаматтарды қиын жағдайға қалдыруда.

Мүдделі құқық қорғау органдары қолда бар ресурстармен шектеліп қалмай, қылмыстық әрекеттерге тосқауыл болатын жаңа тетіктерді дамытуы тиіс. Бұл бағыттағы қылмыстарды анықтауда жасанды интеллектіні пайдалану – орнықты шешімнің бірі. Бүгінгі форум – алдағы жұмыстарымызды жаңа формацияда жүргізуге өз септігін тигізеді деп сенемін», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Басқосуда облыс прокурорының орынбасары Нұрболат Дүйсенбаев, Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, Мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов пен Абзал Құспан сөз сөйлеп, форум жұмысына сәттілік тіледі.

Құқық бұзушылықтардың алдын алуда ерекше белсенділік танытып, киберкеңістіктегі заңсыз әрекеттердің жолын кесуге үлес қосқан мамандарға облыс әкімінің сыйлық сертификаттары мен облыс прокурорының Алғыс хаттары табысталды.

Соңғы үш жылда полиция органдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға облыстық бюджеттен 8 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Биыл бұл мақсатқа 2 млрд 800 млн теңге қаралып, заманауи құрылғылармен және жабдықтармен қамтамасыз етілуде.

Республика бойынша алғаш рет облыстың барлық ауданында полиция бөлімдерінің Жедел басқару орталықтары ашылды. Қауіпсіздікті күшейту, жедел әрекет ету мақсатында бейнебақылау камераларының желісі кеңейтілді.

Барлық ауданға жалпы құны 2 млрд 200 млн теңге болатын 539 бейнебақылау камерасы мен 49 жылдамдық өлшейтін камера орнатылды. Соңғы жылдары полиция қызметкерлеріне заманауи құрылғылармен жабдықталған 128 жаңа автокөлік табысталды.

Биыл тағы 31 қызметтік автокөлік беріліп, арнайы құрал-жабдықтар көбеймек. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Ашықтық қағидатына сәйкес қала және аудандарда құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен бірге қоғамдық қабылдаулар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл өз кезегінде тұрғындардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырып, әділетті қоғам құруға тың серпін бермек.

 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды