«Бұл – қылмыс»: Иран зымыранмен Израильдегі аурухананы атқылады

19.06.2025, 09:45
974
«Бұл – қылмыс»: Иран зымыранмен Израильдегі аурухананы атқылады AP/Oded Balilty

Израиль жауап қайтарды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылғы 19 маусымда Иран Израильге шамамен 30 баллистикалық зымыранмен соққы жасады. Израиль Қарулы күштерінің (ЦАХАЛ) дерегінше, ракеталардың бірі оңтүстіктегі Беэр-Шева қаласында орналасқан "Сорока" ауруханасына түскен. Бұдан бөлек, орталықтағы Холон және Рамат-Ган қалалары да шабуыл астында қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, 70-тен астам адам жарақат алған.

Зардап шеккендердің көбі — жеңіл жараланғандар, олар көбіне соққы толқынынан зардап шеккен. Аурухана директоры Шломи Кодештің айтуынша, ракета хирургия бөлімінің ескі ғимаратына түскен. Бұл корпус жақында ғана эвакуацияланған болатын.

«Басқа да ғимараттар қатты зақымданды. Бірақ науқастар мен қызметкерлер шабуыл кезінде қауіпсіз орында болды», — деді профессор Кодеш The Times of Israel басылымына.

Израиль басшылығы Иранды әскери қылмыс жасады деп айыптады

Оппозиция жетекшісі Бенни Ганц бұл шабуылды "соғыс қылмысының ең ауыр түрі" деп бағалап, Иранның жоғарғы көсемі Әли Хаменеи жауапқа тартылуы тиіс екенін айтты.

«Иран тек Израильге емес, бүкіл әлемге қауіп төндіріп тұрған ядролық және зымыран бағдарламаларына қарсы біз бағытталған болсақ, олар біздің ауруханаларымыз бен балаларымызды көздеп отыр», — деді Ганц.

Қорғаныс министрі Исраэль Кац Иранды "қорқақ диктатор" деп атап, премьер-министр Нетаньяхумен бірге ЦАХАЛ-ға Тегерандағы стратегиялық және үкіметтік нысандарға соққыны күшейту туралы тапсырма бергенін мәлімдеді.

Израиль Ирандағы ядролық нысандарды атқылады

ЦАХАЛ бұған жауап ретінде Ирандағы бірнеше әскери және ядролық нысандарға, оның ішінде Арак пен Натанз қалаларындағы объектілерге соққы жасағанын хабарлады. Әскерилер тұрғындарды алдын ала ескертіп, эвакуацияға шақырған.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді