Хаменеи: АҚШ соғысқа араласса, өзі таяқ жейді

19.06.2025, 10:48
350
Хаменеи: АҚШ соғысқа араласса, өзі таяқ жейді Getty Images / whitehouse

Иран Трампқа ескерту жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Иранның жоғарғы рухани көсемі аятолла Али Хаменеи Вашингтонға Иран мен Израиль арасындағы соғысқа араласудың АҚШ үшін орны толмас залалға әкелетінін ескертті.

Бұл мәлімдеме екі ел арасындағы қақтығыстың алтыншы күніне сәйкес келді. Израильдің Тегеранға жасаған түнгі және күндізгі жаңа әуе шабуылдары жайлы ақпараттар тарады.

«АҚШ бұл қақтығысқа араласса, бұл өз зиянына жұмыс істейді. Америка көретін залал Иранның мүмкін шығындарынан әлдеқайда үлкен әрі қайтымсыз болады», – деді Хаменеи.

Бұл мәлімдеме АҚШ президенті Дональд Трамптың әлеуметтік желідегі:

«Иран толықтай тізе бүгуі керек. Біз Хаменеи қайда екенін білеміз, бірақ **әзірге өлтіруді жоспарлап отырған жоқпыз», – деген жазбасынан кейін жарияланды.

Израиль армиясының мәліметінше, соңғы соққылар Иранның уран байытуға арналған центрифуга зауытына және зымыран бөлшектерін шығаратын өндіріс орнына тиген. Тегеран зымыран шабуылдарын сирете бастаған, бұл ракеталық инфрақұрылым мен ұшырғыш қондырғылардың жүйелі түрде жойылуымен байланысты болуы мүмкін.

Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды Назарбаев Университетінің студенті жатақхана бөлмесінде өлі күйінде табылды: Министр пікір білдірді Comic Con Astana 2025 Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтетін алаңға айналады Макрон Израильді Иранға шабуылдамауға шақырды Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс прокуратураға жіберілді «32 мың теңге шамасында»: Еңбек министрі өзінің зейнетақысын қанша көлемде болатынын айтты Хаменеи: АҚШ соғысқа араласса, өзі таяқ жейді Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы қамауға алынды «Бұл – қылмыс»: Иран зымыранмен Израильдегі аурухананы атқылады Бүгін өңірлерде аптап ыстық болады «Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті «Тіркеліп үлгеру керек»: Халық Дәулет Мұқаевқа тұсау кестіру үшін кезекке тұрып жүр Енді «Мисс Қазақстан» байқауына трансгендерлер қатыса алады Қостанай облысында мысық тістеп алған әйел қаза болды Франция мен Испания Ресей азаматтарына виза ережелерін қатаңдатты