Макрон Израильді Иранға шабуылдамауға шақырды

19.06.2025, 12:32
1081
Макрон Израильді Иранға шабуылдамауға шақырды AP Photo / Ebrahim Noroozi

Дереу келіссөздер жүргізілмесе, соғыс өршуі мүмкін дейді Макрон.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Франция президенті Эммануэль Макрон Израильдің Иранға жасап жатқан шабуылдарын тез арада тоқтатуды талап етті. Оның айтуынша, бұл әскери әрекеттер Иранның ядролық және баллистикалық бағдарламаларына еш қатысы жоқ және аймақтағы қауіпсіздікке елеулі қауіп төндіріп отыр.

Бұл туралы 18 маусым күні Елисей сарайы таратқан ресми мәлімдемеде айтылды. Онда Макрон сол күні Ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік кеңесін шақырып, Израильдің Ирандағы нысандарға шабуылын талқылағаны хабарланды.

«Президент Израиль шабуылдарының ядролық немесе баллистикалық бағдарламаларға қатысы жоқ нысандарға бағытталғанына және Иран мен Израильде бейбіт тұрғындар арасында құрбандар санының артып жатқанына алаңдаушылық білдірді. Бұл әскери операциялар аймақтық қауіпсіздікке елеулі қауіп төндіреді және дереу тоқтатылуы тиіс», – делінген мәлімдемеде.

Макрон Иранның ядролық және зымырандық бағдарламалары мәселесін шешудің жалған әскери жолмен емес, тек келіссөздер арқылы жүзеге асатынын атап өтті. Ол Францияның бұл бағыттағы диалог бастауға дайынекенін айтты.

Сондай-ақ, президент сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барроға Еуропалық одақ әріптестерімен бірге Иран мен Израиль арасындағы қақтығысты дипломатиялық жолмен реттеу бастамасын қолға алуды тапсырды.

Франция үкіметі екі елдегі өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті шаралар қабылдап жатқанын, ал француз азаматтарына Иран мен Израильге сапарға шығудан бас тартуға кеңес берілетінінмәлімдеді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді