Алматыда парамен ұсталған экология шенеуніктері 265 млн теңге айыппұл төлейді

20.03.2023, 12:31
709
Алматыда парамен ұсталған экология шенеуніктері 265 млн теңге айыппұл төлейді smartnews.kz

Алматыдағы экология басқармасының бірқатар лауазымды тұлғалары жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Антикорға сілтеме жасап.

«Алматы қаласы Медеу ауданының № 2 сотының үкімімен пара алғаны үшін Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқарма басшысы орынбасарының міндетін уақытқа атқарушы М. Жексембаевқа 96 млн теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындалды (параның 30 еселенген мөлшері). Пара бергені үшін «Экосервис-С» ЖШС басшысы Ғ. Беркінбаев пен «Компания Стройтекс» ЖШС басшысы А. Мапаевқа сәйкесінше 73 млн астам және 64 млн теңге сомасында айыппұл салуға үкім шығарылды. Парақорлыққа делдал болғаны үшін «Eco Almaty» ЖШС менеджері Б. Рахым 32 млн теңге мөлшерінде айыппұлға сотталды. Сотталғандар үшін айыппұлдың жалпы есебі 265 млн теңгеден астам соманы құрады», - делінген Агенттік хабарламасында.

Аталған адамдар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Сондай-ақ Экология және қоршаған орта басқармасының лауазымды тұлғасы М. Жексембаев «Реннесанс плюс» ЖШС өкілі Ғ. Беркінбаевтан қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау және сұрыптау үшін Алматы қаласының тұрғын үй кешендерінің аумағында жер учаскелерін бергені үшін 5 млн теңге шамасында ақшалай қаражат алды. М. Жексембаев «Компания Стройтекс» ЖШС директоры А. Мапаевтан Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының әкімшілік ғимаратының ЖСҚ әзірлеуге бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша жалпы қамқорлығы үшін делдал Б. Рахым арқылы 3 млн теңгеден астам ақшалай пара алды.

ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды