1988

Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды

Үйге екі басты жыландар кіріп жатыр дейді үй иесі.

Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талдықорған тұрғыны өз үйінен екі басты жылан тауып, есеңгіреп қалған. Қызыл тас маңындағы саяжай аумағында болған бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқылануда.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жылан тікелей үйге кіріп келген. Видеосы мен суреттері әлеуметтік желіге жүктеліп, жұртшылықтың үрейін туғызды.

«Тура үйге екі басты жыландар кіріп жатыр», — деп жазды таңғалған саяжай иесі.

Мамандардың айтуынша, екі басты жылан — өте сирек кездесетін генетикалық мутация. Мұндай рептилиялар көбіне табиғи ортада өмір сүре алмайды. Алайда, мұндай мутанттың елді мекенге жақындауына не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Желі қолданушылары бұл жағдайды экологиялық ахуалмен байланыстыруы мүмкін екенін айтып, алаңдаушылық білдіріп жатыр. Жергілікті билік әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор