Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады

19.06.2025, 17:13
380
Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Scott Morgan / Reuters

Алдағы бірнеше күнде соққы жасаймыз дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға әскери соққы беру жоспарын мақұлдаған. Бұл туралы The Wall Street Journal газеті 19 маусымда өзінің ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлады. Алайда Трамп әзірге бұл жоспарды іске асыру туралы бұйрық бермеген.

Ақ үй Тегеранның ядролық бағдарламадан бас тартуын күтуде

Ақ үйдің мәлімдеуінше, Трамп Иранның жақын арада ядролық бағдарламасынан бас тартатынына үміттеніп отыр. Егер шабуыл басталса, АҚШ-тың басты нысанасы — Фордо қаласындағы уран байыту зауыты болады. Бұл нысан таудың астына жасырылған және әскери сарапшылардың пікірінше, тек аса қуатты бомбалар ғана оған зақым келтіре алады.

Трамп ұзақ соғысқа тартылғысы келмейді

Axios басылымының дерегінше, Трамп әскери операция басталар алдында Пентагоннан АҚШ-тағы бункер бұзатын бомбалардың бұл нысанды жоя алатынына кепілдік беруді сұраған. Сонымен қатар, ол "нүктелі соққылармен" шектеліп, Таяу Шығыста ұзаққа созылатын соғысқа араласудан тартынғысы келеді.

Соққы бірнеше күн ішінде жасалуы мүмкін

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеуніктері соққыны алдағы бірнеше күнде беру ықтималдығына дайындалып жатыр. Ал Трамп бұл жөнінде нақты шешім қабылдамағанын айтып отыр. Ол журналистерге:

«Ақырғы шешімді соңғы сәтте қабылдағанды ұнатамын, өйткені соғыс кезінде бәрі өзгеріп кетуі мүмкін», — деп мәлімдеді.

Иран: "Біз ешқашан бас имейміз"

Бұған дейін Трамп Ираннан "тұтастай тізе бүгуін" талап етіп, бұл талапты "соңғы ультиматум" деп атаған. Ол тіпті Иранның жоғарғы басшысы аятолла Әли Хаменеи жайлы айтып, оның қайда жасырынғанын Вашингтон нақты білетінін жеткізген. Бірақ әзірге оны жою жоспары жоқ екенін айтқан.

Иран басшысы Хаменеи бұған жауап ретінде:

«АҚШ-тың кез келген шабуылы ауыр әрі орны толмас салдарға әкеледі. Біз мәжбүрлі соғысқа да, мәжбүрлі бейбітшілікке де қарсы тұрамыз. Иран ешқашан бас имейді», — деп кесіп айтты.

Бұл жағдай Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуын одан әрі үдете түсуі мүмкін.

Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды Назарбаев Университетінің студенті жатақхана бөлмесінде өлі күйінде табылды: Министр пікір білдірді Comic Con Astana 2025 Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтетін алаңға айналады Макрон Израильді Иранға шабуылдамауға шақырды Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс прокуратураға жіберілді «32 мың теңге шамасында»: Еңбек министрі өзінің зейнетақысын қанша көлемде болатынын айтты Хаменеи: АҚШ соғысқа араласса, өзі таяқ жейді Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы қамауға алынды «Бұл – қылмыс»: Иран зымыранмен Израильдегі аурухананы атқылады Бүгін өңірлерде аптап ыстық болады «Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті