1025

Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр

Оның психикалық ауытқуы барын ескертті.

Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр
instagram.com/volontery_almaty_lider.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда психикалық дертке шалдыққан пациенттің жоғалып кеткені туралы Lider.kz еріктілері Instagram парақшасында жазды.

Еріктілер таратқан ақпаратқа сәйкес, із-түссіз кеткен азамат — 1994 жылы туған Игорь Юрьевич Кос. Ол 18 маусым күні сағат 11:00 шамасында Төле би мен Брусиловский көшелерінің қиылысында орналасқан медициналық орталықтан қашып кеткен.

Жеке белгілері:

Бойы: 165 см

Дене бітімі: орташа

Шашы: қара, қысқа

Көзі: қоңыр

Үстінде: ақ футболка, көк джинсы, қара кепка, сұр сандал

“Дезориентирленген! Психикалық ауытқуы бар”, – делінген еріктілер жариялаған хабарламада.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы іздестіру ісін қозғаған.

“Қазіргі таңда жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді Алматы қаласының полициясы.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор