2139

Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Синнерді сүріндіріп, ширек финалға шықты.

Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді
BERTRAND GUAY/AFP via Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерді жеңіп, Германиядағы ATP 500 турнирінің ширек финалына өтті!

Матч нәтижесі:

3:6, 6:3, 6:3 — Бубликтің пайдасында!

Матч статистикасы:

– 15 эйс
– 6 қос қателік
– 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды

Бұл матч – Бубликтің мансабындағы ең ірі жеңістерінің бірі. Енді ол жартылай финал үшін чехиялық Томаш Махачпен (ATP №23) күш сынасады.

Ал бұған дейін Елена Рыбакина Берлин турнирінде ширек финалға жолдама алған еді.

Материал авторы