Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс»

20.06.2025, 10:30
1493
Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Euronews

Ол Еуропа елдерін үнсіз қалмауға шақырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Али Бахрейни Израильдің Иранға жасаған шабуылдарын қатаң айыптап, Еуропа елдерін үнсіз қалмауға шақырды. Бұл туралы ол Euronews телеарнасына берген сұхбатында айтты.

"Ең аз дегенде, Еуропа Израильдің агрессиясын ашық айыптап, оған көрсетіп отырған қаржылық, әскери және барлау қолдауын тоқтатуы керек", – деді Бахрейни.

Оның сөзінше, Израильдің жазасыз әрекеттері – Еуропа, АҚШ және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің әрекетсіздігінің нәтижесі. Ирандық дипломат Тегеранға қарсы кез келген шабуылға елдің қатаң жауап беретіні туралы ескертті.

"Егер АҚШ қызыл сызықты кесіп өтсе, Иран қарулы күштері нақты әрекет етеді. Олар АҚШ-тың барлық қозғалысын бақылап отыр", – деді Бахрейни.

Ядролық келісім және соғыс қаупі

Иран өкілі қазіргі геосаяси дағдарыстың негізгі себебі – ядролық келісімнің (JCPOA) бұзылуы екенін атап өтті. Бұл келісімнен 2018 жылы АҚШ президенті Дональд Трамп біржақты түрде шыққан болатын. Оның айтуынша, Еуропа бұл келісімді сақтап қала алмады.

Бахрейни Иранның уранды 60 пайызға дейін байытқанын растап, ядролық бағдарламаның тек бейбіт мақсатқа арналғанын айтты.

"Дипломатия әлі де мүмкін. Бірақ ол үшін алдымен Израильдің шабуылдары тоқтатылуы тиіс", – деді Иран өкілі.

АҚШ пен Израильдің ұстанымы

АҚШ президенті Дональд Трамп әскери операцияға қатысты нақты шешім қабылдамағанын мәлімдеді. Журналистерге берген жауабында:

"Мен соққы жасаймын ба, жоқ па – ешкім білмейді. Соңғы шешімді соңғы сәтте қабылдағанды ұнатамын", – деді Трамп.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл мәлімдемені қолдау деп қабылдап, АҚШ біздің жағымызда деп бағалады.

Айта кетейік, Иран аймақтағы бірқатар топтарға – "Хезболла", ХАМАС және хуситтерге қолдау көрсетіп келеді. Сарапшылардың пікірінше, жағдай одан әрі ушығуы мүмкін.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды