«Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты

20.06.2025, 13:14
340
«Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Iranian Leader Press Office/Anadolu via Getty Images

Біз бәріміз бір адамдай оған қорған боламыз дейді Ливандағы шейіт ұйымы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ливандағы «Хезболла» қозғалысы мен Ирактың шейіттер жетекшісі, ұлы аятолла Әли Систани Иранның рухани көшбасшысы аятолла Әли Хаменейге қастандық жасалуы мүмкін деген қауіпке байланысты қатаң мәлімдеме жасады. Олар мұндай әрекеттің аймақ үшін ауыр салдарға алып келетінін ескертті.

«Хезболла» қозғалысының мәлімдемесінде Хаменейге қауіп төндіру — ислам әлемі үшін қорлау деп бағаланып, мұндай қадам "жүздеген миллион мұсылманның ар-намысына тию" деп сипатталды.

"Біз бәріміз бір адамдай оған қорған боламыз", – делінген Ливан шейіт ұйымының мәлімдемесінде.

Дегенмен, қозғалыс әзірге Израильге ашық соғыс жариялаған жоқ. Израиль тарапының алғашқы шабуыл толқынынан кейін «Хезболла» Ливан билігін өздерінің қақтығысқа араласпайтыны жайлы хабардар еткен.

Әли Систани: "Кез келген әрекет өңірлік апатқа апарады"

Ирактың ең ықпалды діни тұлғасы аятолла Әли Систани де жағдайға алаңдаушылық білдіріп, Иранға қарсы кез келген агрессияның "өңірлік апатқа" соқтыруы мүмкін екенін мәлімдеді.

"Бұл Иран халқының қайғысын еселей түсіп, барлық тараптардың мүддесіне қайшы келеді", – деді ол.

Иран АҚШ-ты араласпауға шақырды

Жағдайдың күрделенуіне орай Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гарибабади АҚШ-қа арнайы ескерту жасады. Оның айтуынша, Вашингтон Израиль жағына шықса, Тегеран қарсы шара қолдануға мәжбүр болады.

"Біз АҚШ-қа: Израильдің агрессиясын тоқтата алмасаңыздар, тым болмаса жанжалға араласпаңыздар, – дейміз", – деді дипломат Иран БАҚ-тарына берген сұхбатында.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды