Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды

20.06.2025, 14:03
4207
Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды MAXIM SHIPENKOV | REUTERS / SCANPIX

Латвияға көшкісі келетін ресейліктер баспана иелене алмайды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауыншаЛатвия парламенті елдің ұлттық қауіпсіздігін сақтау мақсатында Ресей мен Беларусь азаматтарына ел аумағынан жылжымайтын мүлік сатып алуға тыйым салатын заң қабылдады.

Сейм бекіткен "Ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін мәмілелерге шектеу қою туралы" заң физикалық және заңды тұлғаларға бірдей қатысты. Тыйым заң күшіне енгеннен кейін жасалған мәмілелерге қолданылады. Яғни, қазіргі уақытта Ресей және Беларусь азаматтарының атына тіркелген жылжымайтын мүлікке шектеу қойылмайды.

Кейбір жағдайларда шектеу қолданылмайды

Жаңа ережеге сәйкес, егер сатып алушы Латвияда тұрақты тұруға рұқсаты бар Ресей немесе Беларусь азаматы болса, онда ол жалғыз тұрғын үйді сатып ала алады. Сонымен қатар, мұрагерлік жолмен немесе сот шешімімен алынған мүлікке де шектеу жүрмейді.

Бірақ үшінші оқылымға дейін ұсынылған, Латвиядан босқын мәртебесін алған Беларусь азаматтарына жылжымайтын мүлік сатып алуға рұқсат беру туралы түзету қабылданған жоқ.

Айта кетейік, Финляндияда да осындай шектеу бар: тек тұрақты тұруға рұқсаты бар Ресей азаматтары ғана жылжымайтын мүлік сатып ала алады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді