SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодарда 41 жастағы ер адам бұрынғы азаматтық некедегі әйелін қасақана көлікпен қағып, мүгедек қылғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәлімдеді.
Оқиға 2025 жылдың қаңтарында болған. Іс материалдарына сәйкес, ерлі-зайыптылар тамақ павильонына бара жатқан жолда жанжалдасып қалған. Сол сәтте әйел көліктен түсіп, павильонға қарай жүгіріп кеткен. Артынан ер адам көлікті оған қасақана бағыттап, қағып өткен.
Нәтижесінде әйелдің бір аяғы кесіліп, бірнеше ай бойы төсек тартып қалған.
Сотталушы кінәсін мойындады, алайда қорғаушы тарап көліктің техникалық ақауы болғанын алға тартқан. Алайда сот сараптамасы көліктің толық жарамды екенін анықтады.
"Бейнежазбада көліктің әйелге қарай әдейі бұрылғаны анық көрінеді. Соққыдан кейін ол әйелдің жағдайына мән бермей, көлікті тексеруге асыққан", – деді судья Құдабай Солтанов.
Сот шешімімен ер адам Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі ("Қылмысқа оқталу") және 99-бабы 1-бөлігі("Адам өлтіруге оқталу") бойынша кінәлі деп танылды.
Сот жәбірленуші әйелдің өтемақы талаптарын ішінара қанағаттандырды:
-
1 212 160 теңге – материалдық зиян;
-
15 млн теңге – моральдық өтемақы өндірілетін болды.
Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.