Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды

20.06.2025, 15:35
1422
Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Getty Images

Украиналық азаматтың 25 миллионы шетелде тұрады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украина Жоғарғы Радасы елде қос азаматтыққа рұқсат беретін заң жобасын мақұлдады.

Енді бұл құжатты президент Владимир Зеленскийдің өзі қол қоюы тиіс. Айта кетейік, бұл бастама — оның 2024 жылы ұсынған бастамасы.

Жаңа заң шетелге кеткен украин азаматтарына өз елінің азаматтығын сақтай отырып, басқа елдің азаматтығын алу мүмкіндігін береді. Министрлер бұл қадамды шетелдегі украиндарды елге қайтаруға бағытталған «маңызды белгі» деп отыр.

«Кейбір азаматтар басқа елдің азаматтығын алуға мәжбүр болды. Біз олардың украиндық болмысын сақтауға мүмкіндік бергіміз келеді», — деді Ұлттық бірлік министрі Алексей Чернышов.

Қазіргі таңда 32 млн адам Украинада өмір сүрсе, 25 миллионы шетелде тұрады. Енді Үкімет қос азаматтық рұқсат етілетін елдердің тізімін дайындайды. Дегенмен, Ресей азаматтығы бұл тізімге енбейді. Сондай-ақ, Украина аумақтық тұтастығын мойындамайтын елдердің азаматтары да бұл құқықтан тыс қалады.

Жаңа заң ресейлік паспорт алғандар мен Ресей армиясында қызмет еткендерге Украина азаматтығын жоюды да қарастырады.

«Бізге оралғысы келетін азаматтар бар, бірақ бұл үшін Украинада өмір сүру шарттары өзге елдермен бәсекеге түсе алатындай болуы керек», – деді министр Чернышов.

Зеленский командасы бұл заң Украинаға экономикалық даму мен халық санын қалпына келтіруге серпін береді деп сенеді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды