Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
20.06.2025, 16:50
192
Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты жеке парақшасынан

Продюсер шетелдік жұлдыздарға қарағанда отандық әртістердің еңбегі төмен бағаланатынына наразы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық продюсер Баян Алагөзова ел ішінде жергілікті жұлдыздардың еңбегі әділ бағаланбайтынын айтты. Ол мұндай пікірін бұған дейін блогер Слава Нерушқа берген сұхбатында білдірген. Сұхбаттан үзінді продюсердің әлеуметтік желідегі парақшасында қайта жарияланды.

 

Алагөзованың айтуынша, кейбір тапсырыс берушілер Ресейден келген танымал тұлғаларға бірнеше есе жоғары ақы төлеуге дайын, ал қазақстандық әртістерге келгенде гонорарды төмендетуге тырысады.

«Бірде маған хабарласып: «Бүгін кешімізді Оксана Пушкина жүргізуі керек еді, бірақ келмейтін болды. Сіз келсеңіз» деді. Мен олардың Пушкинаға қанша төлеуі тиіс болғанын сұрадым – 25 мың доллар деді.

Сонда мен: «Осы сомаға келісемін» дедім. Олар үнсіз қалды. «Неге?» десем, «Сіз өзіміздікісіз ғой» дейді. Мен: «Сол себепті де дәл сондай гонорар талап етем. Мен Оксана Пушкинадан кем емеспін, неге 3 мың долларға келісуім керек?» дедім. Бұл әділетсіз әрі құрметсіздік», – деді продюсер.

Алагөзованың айтуынша, қазақстандық жұлдыздардың тіркелу мекенжайы Алматыда екені олардың кәсіби бағасын арзандатпауы керек.

«Менің де туфлиім Пушкинанікі секілді 2 мың доллар тұрады. Сонда мен неге одан арзан жұмыс істеуім керек?» – деді ол.

Продюсер шетелдік компаниялар да қазақстандық нарықтың көлемі шағын болғандықтан, отандық мамандардың еңбегін төмен бағалайтынын атап өтті. Оның пікірінше, мұндай көзқарас түбегейлі өзгеруі тиіс.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады