Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған

Аиса Махамбет Редактор
20.06.2025, 17:31
1394
Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған бейнежазбадан

Күдікті бұған дейін үш рет ұрлық жасаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстан астанасында екі жас жігіт түн ішінде iPhone сатылатын дүкенді тонап кетті. Олар 330 миллион сумнан астам сомаға бағаланған 41 ұялы телефонды ұрлап, таң ата сол құрылғыларды қара базарда 100 доллардан бастап сатып үлгерген. Бұл туралы Ташкент қалалық ІІД хабарлады.

Оқиға 19 маусымға қараған түні сағат 2:30 шамасында Чиланзар ауданында болған. Маска киген екі күдікті дүкеннің әйнек есігін таспен ұрып сындырған. Артынша арендалап алған болгарка арқылы сейфті бұзып, ішіндегі смартфондарды алып кеткен.

Таңертең дүкен қызметкері жағдайды көріп, полицияға жүгінген. Ұрлық бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Қалалық полицияның мәліметінше, ұрланған iPhone-дардың біразы таңғы сағаттарда-ақ қара нарықта сатылып кеткен. Біреуі небәрі 100 долларға, екіншісі 4,5 миллион сумға сатылған. Түскен қаражатты ұрылар теңдей бөлісіп алған.

Күдіктілердің бірі – бұған дейін үш рет ұрлық жасап, сотталған рецидивист. Ол ұсталып, қылмысты толық мойындап, ұрлықты қалай жоспарлағандарын егжей-тегжейлі айтып берген. Ал екінші күдікті – кәмелетке толмаған жасөспірім. Ол ата-анасының кепілдігімен үйіне жіберілген.

Қазір аталған факті бойынша Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 169-бабы 4-бөлігі ("аса ірі көлемде жасалған ұрлық") бойынша іс қозғалды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды