Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ

20.06.2025, 18:50
1770
Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Kia ресми сайты

Алты люкс көлік үшін бюджеттен ақша бөлінбек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысының әкімдігі мемлекеттік сатып алу порталына жалпы құны 170 миллион теңгеге бағаланған жаңа қызметтік көліктерді сатып алуға қатысты екі лот жариялады.

 

Бірінші лотта құны шамамен 42 миллион теңге тұратын екі люкс санатындағы автокөлік көзделген. Ал екінші лот бойынша 21 миллион теңгеден бағаланатын төрт жеңіл автокөлік сатып алынбақ. Осылайша, алты көлік үшін бөлінетін жалпы сома – 170 миллион теңге.

Облыс әкімдігі бұл сатып алудың себебін түсіндіріп, көліктердің шетелдік қонақтарды, сондай-ақ мемлекеттік қорғаудағы тұлғаларды қарсы алу және оларды тасымалдау мақсатында пайдаланылатынын мәлімдеді. Бұған қоса, жаңа көліктер облыстың шалғай аудандарына қауіпсіз әрі сенімді сапарлар үшін қажет екені айтылды.

Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі таңда облыс әкімдігінің автопаркіндегі көлік саны – 16, бұл рұқсат етілген норматив шегінде. Бірақ әкімдік балансындағы көліктердің жалпы нарықтық құны 300 миллион теңгеден асып жығылады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды