Сарапшы: «Иран әлі де ядролық бомба жасай алады»

23.06.2025, 09:47
205
Сарапшы: «Иран әлі де ядролық бомба жасай алады» Getty Images / Maxar

АҚШ пен Израиль Тегеранның ядролық бомба жасау қабілетін түбегейлі жоя алмайды дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауыншаАҚШ-тың соққыларына қарамастан, Иран ядролық қару жасау мүмкіндігін сақтап отыр. Бұл қауіп тек режим ауысса ғана жойылуы мүмкін, – деді Euronews басылымына сұхбат берген халықаралық саясат жөніндегі сарапшы, Брейгель институтының аға ғылыми қызметкері Якоб Киркегаард.

«Соққылар көмектеспейді – тек режим ауысуы керек»

Киркегаардтың айтуынша, Иран қазіргі таңда ядролық қару жасау шегіне жетіп тұр, және оны тоқтатудың жалғыз жолы – режимнің ауысуы.

Қаншалықты сәтті болса да, АҚШ пен Израильдің әскери операциялары Тегеранның ядролық бомба жасау қабілетін түбегейлі жоя алмайды. Мұны тек Ирандағы биліктің өзгеруі тоқтата алады, – деді ол.

Сарапшы АҚШ-тың операциясы Трамптың ішкі саяси ұстанымына тиімді болғанын да атап өтті.

Иранның жауап беру нұсқалары шектеулі

Киркегаард Иранның жауап беру нұсқалары аз екенін, себебі ел тарихи тұрғыда әлсіз әскери күйде екенін айтты.

Ол жауап ретінде Иран мынадай қадамдарға бара алады:

АҚШ әскери базаларына соққы жасау;

Ормуз бұғазы арқылы мұнай экспортына кедергі келтіру;

Парсы шығанағындағы көрші араб елдеріне шабуыл.

Бірақ бұл әрекеттерді сарапшы шамалы ықтимал деп бағалайды.

Иран проксилері – ХАМАС, Хезболла, хуситтер – әлсіреген. АҚШ Иран шабуыл жасаса, кең көлемді әскери жауап қайтарады, – деді ол.

Иранның уран қоры – ядролық қаруға жетеді

Киркегаардтың айтуынша, Иранның ядролық нысандарына жасалған соққылардың тиімділігі нақты белгісіз. Бірақ ол МАҒАТЭ (МАГАТЭ) деректеріне сүйене отырып:

Иранда 60%-ға дейін байытылған шамамен 400 келі уран бар. Бұл – ядролық бомба жасауға жеткілікті мөлшер. Яғни, Иранда технологиялық мүмкіндіктер болса, ядролық қару жасау қолынан келеді, – деді сарапшы.

«Иран – шекті ядролық мемлекет»

Бәлкім, 24 сағат бұрынғыдан біршама алыстап қалды, бірақ Иран – әлі де ядролық қаруға өте жақын мемлекет, – дейді Киркегаард.

Оның пікірінше, Иранның ядролық бағдарламасын әскери жолмен жою мүмкін емес.

Тек режим ауысқанда ғана ядролық қауіп толық жойылады, – деп түйіндеді сарапшы.

Трамп: «Мен Иранды бомбалаған президентпін»

Киркегаардтың ойынша, Трамп Украинада бейбітшілік орнатуға тырысса да, тарихта Иранды бомбалаған АҚШ президенті ретінде қалмақ.

Оны сынға алатындар көп, бірақ Трамп әрдайым: «Мен Иранды бомбаладым. Ал Обама не істеді? Байден не істеді?» – деп айта алады, – деді ол.

Алайда, сарапшы Трамптың АҚШ әскерін Иранға кіргізбейтініне сенімді.

Ол ешқашан Иранға басып кірмейді. Бұл – барлық тарап үшін апат болар еді, – деп нақтылады ол.

Еуропа бұл қақтығыста маңызды емес – сарапшы

Киркегаард Еуропаның рөліне скептикалық көзқарас білдірді:

Еуропаның бұл мәселеде ешқандай салмағы жоқ. Көптеген еуропалық лидерлер АҚШ пен Израильдің Иранның ядролық және зымыран бағдарламасын талқандағанына іштей қуанып отыр, – деді ол.

Германиядағы оппозиция көшбасшысы Фридрих Мерцтің: «Израиль – Еуропа үшін лас жұмысты атқарып жатыр» деген сөзін еске салып, бұл пікірдің шындыққа жақын екенін атап өтті.

Еуропа бұл соғыста біртұтас позиция ұстана алмайды. Сондықтан ол өзекті ойыншы бола алмайды, – деп түйді Киркегаард.

Ресей мектеп бағдарламасынан украин тілін алып тастады Дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегеріне Моңғолия қазақтары автокөлік сыйлады Иран сыртқы істер министрі Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге барды Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды Иранға жасалған соққы Трампқа импичмент жариялауға негіз болмақ Георгий Жуков: «Қазақтар өздері қазақша сөйлесе, мен де үйреніп алар едім» АҚШ Иранмен кездесуге дайын екенін жеткізді Астанада жігіт бұрынғы қызын өлтіріп, оның бауырын пышақтап тастаған (ВИДЕО) Сарапшы: «Иран әлі де ядролық бомба жасай алады» Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың өзі шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды