АҚШ Иранмен кездесуге дайын екенін жеткізді

23.06.2025, 10:50
857
АҚШ Иранмен кездесуге дайын екенін жеткізді ardahanhaber.com.tr

АҚШ мемлекеттік хатшысы мәлімдеме жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Америка Ирандағы үш ядролық нысанды бомбалағаннан кейін де Тегеранмен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол CBS News арнасының "Face the Nation" бағдарламасында айтты.

Рубионың айтуынша, АҚШ-тың Иранға жасаған соққысы режимді құлату немесе халыққа қарсы бағытталған әрекет емес, керісінше, ядролық қару жасауға қатысы бар үш нысанды жоюға арналған операция болған.

"Бұл шабуыл Иран халқына немесе Иран мемлекетіне қарсы емес. Бұл – ядролық бағдарламаға байланысты үш нақты нысанды жою мақсатында жасалған операция. Ол сәтті өтті", – деді Рубио.

Сыртқы саясат басшысы ендігі қадам Иранның шешіміне байланысты болатынын атап өтті.

"Егер олар дипломатия жолын таңдаса – біз дайынбыз. Бұл олардың, Иран халқының және бүкіл әлемнің мүддесі үшін тиімді мәміле болмақ. Ал егер олар басқа жолмен жүрсе – оның салдары болады", – деді ол.

Рубио сондай-ақ, АҚШ президенті Дональд Трамп келіссөз жүргізуге дайын екенін және Иранды ядролық бағдарламадан бас тартуға көндіру ниетін сақтап отырғанын айтты.

"Егер Иран тарапы хабарласып, 'Біз кездесіп, сөйлескіміз келеді' десе, біз келісеміз", – деп мәлімдеді Мемлекеттік хатшы.

Сөз соңында Рубио Иранның Ормуз бұғазын жабу туралы әрекетіне қатысты да пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл – Иран режимі үшін "өзіне қол жұмсаумен тең" қадам болмақ.

"Егер олар Ормуз бұғазын жабуға тырысса, бүкіл әлем оларға қарсы бірігеді. Бұл – өз-өзіне зиян келтірумен бірдей шешім", – деді Рубио.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды