SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды. Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ресми порталында жарияланды.
Ресми мәліметке сәйкес, Тәткееваға іздеу 2025 жылғы 20 маусымнан бастап салынған. Іздестіру ісіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жауапты.
Сот шешімімен басталған іздеу ісінің нақты себептері әзірге жарияланған жоқ.
Қарлығаш Тәткеева бұған дейін Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында және Астана қалалық сотында судья қызметін атқарған. Сонымен қатар ол Жоғарғы сот төрағасының азаматтық істер жөніндегі кеңесшісі болған.