1222

Иран сыртқы істер министрі Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге барды

АҚШ пен Израильдің соққысы Иранның Ресеймен күш біріктіруіне негіз болуы мүмкін.

Иран сыртқы істер министрі Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге барды
Iranian Supreme Leader via AP

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Мәскеуге ресми сапармен барып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуді жоспарлап отыр. Бұл сапар АҚШ пен Израильдің Иран аумағындағы ядролық нысандарға жасаған соққыларынан кейінгі жағдайға байланысты ұйымдастырылған.

РИА Новости агенттігінің мәліметінше, Арагчи Путинмен 23 маусымда кездеспек. Министр Мәскеуде аймақтық және халықаралық жағдайды, сондай-ақ Иран мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті талқыламақ.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Иран делегациясының келгенін растады.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның үш ядролық нысанына соққы жасағанын мәлімдеген болатын. Ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл шабуылды қолдап, Трампқа алғыс айтқан.

Материал авторы