Александр Бублик әлемдік рейтингте ТОП-30 қатарына кірді

23.06.2025, 14:30
221
Александр Бублик әлемдік рейтингте ТОП-30 қатарына кірді Andy Cheung/Getty Images

Бір ойында бірнеше рет сенсация жасаған отандық теннисші әлем назарын өзіне аударды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемнің үздік 30 теннисшісінің қатарына енді. Бұл туралы Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингіне сүйеніп хабарланды.

Кеше ғана Германияның Галле қаласында өткен ATP 500 турнирінде чемпион атанған Бублик 45-орыннан бірден 30-сатыға көтерілді. Бұл — оның соңғы бір жылдағы үздік нәтижесі. Еске салайық, Александр былтыр 6 мамырда 17-орынға дейін көтерілген болатын.

Осы аптада Бублик ATP 250 санатындағы Истбурн турниріне қатысады. Алғашқы қарсыласы — аргентиналық Франсиско Комесанья.

Қазақ теннисшілерінің қазіргі рейтингтері:

Александр Шевченко – 97-орын (өзгеріссіз)

Дмитрий Попко – 178-орын (181-ден көтерілді)

Михаил Кукушкин – 190-орын (191-ден көтерілді)

Тимофей Скатов – 212-орын (215-тен көтерілді)

Бейбіт Жұқаев – 251-орын (244-тен төмендеді)

Бүгін осы төрт спортшы Уимблдон турнирінің іріктеу кезеңінде алғашқы матчтарын өткізеді.

Қазақстанның әйелдер арасындағы үздік теннисшісі Елена Рыбакина Берлиндегі жарыста ширек финалға дейін жетіп, рейтингтегі 11-орнын сақтап қалды. Ол аталған турнирде беларусьтік Арина Соболенкоға есе жіберген болатын.

Ал Юлия Путинцева 27-орыннан 34-сатыға сырғыды. Зарина Дияс 275-тен 274-ке, Жібек Құламбаева 308-ден 306-орынға көтерілді.

Айта кетейік, Зарина Дияс жуырда Испанияда өткен халықаралық жарыста жеңімпаз атанған.

Алтынай Жорабаева кісі қайтқан жерге мобилограф ертіп келетін жұлдыздарды сынап тастады Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа адаммен жаңа өмір бастағалы жатыр Ирандағы босқындар Каспий асып келуі мүмкін бе? Сыртқы істер министрі жауап берді Енді инвесторды прокурордың рұқсатынсыз тексеруге болмайды Жандос Өмірәлиев: «Қылмыс деңгейінің төмендеуі – қоғамдағы оң өзгерістердің көрінісі» Бас прокуратура: Жалған ақпаратты жиі тарататын – жастар Енді іздеудегі адамдарды жасанды интеллект анықтайды Бас прокурордың орынбасары алаяқтарды анықтау жұмыстары күшейтілгенін жеткізді Прокурорлар балалар үйлеріне түнгі уақытта бақылау жүргізе бастады Прокуратура әлеуметтік желідегі ақпаратты күнделікті бақылайды – Жандос Өмірәлиев Ақсудағы дауылда ағаш қадалып қаза тапқан әйелдің отбасына 1 млн теңге ғана көмек көрсетілген Ресейде 14 жасар қызды ұрлап әкетті деген күдікпен өзбекстандық қамауға алынды «Мас күйде таксиге отырып, анама бардым»: Ұлықпан Жолдасов Садраддиннің әндерін сынға алды Иранның ядролық нысанына шабуылдан кейін ауыр зақым келгені спутниктен анықталды Александр Бублик әлемдік рейтингте ТОП-30 қатарына кірді Ресей мектеп бағдарламасынан украин тілін алып тастады Дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегеріне Моңғолия қазақтары автокөлік сыйлады Иран сыртқы істер министрі Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге барды Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды Иранға жасалған соққы Трампқа импичмент жариялауға негіз болмақ