Иранның ядролық нысанына шабуылдан кейін ауыр зақым келгені спутниктен анықталды

23.06.2025, 14:55
1114
Иранның ядролық нысанына шабуылдан кейін ауыр зақым келгені спутниктен анықталды Planet Labs/dpa

Тау жотасынан алты бірдей үлкен шұңқыр пайда болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ әуе шабуылынан кейін Иранның Фордо ядролық кешеніне ауыр зақым келген. Бұл туралы Maxar компаниясы түсірген спутниктік суреттерге сүйенген бірқатар сарапшы мәлімдеді.

Суреттерде жерасты кешен орналасқан тау жотасының үстінде алты бірдей үлкен шұңқыр (воронка) анық көрінеді. Мамандар бұл жарылыстар нысанның негізгі құрылымына – уран байытатын центрифугалар орналасқан бөліктерге тікелей әсер етуі мүмкін деп болжайды.

Ядролық қару бойынша БҰҰ-ның бұрынғы инспекторы, қазір Вашингтондағы Ғылым және халықаралық қауіпсіздік институтын басқаратын Дэвид Олбрайт:

«Меніңше, бұл нысан толығымен жойылған болуы ықтимал», – деді.

АҚШ Қарулы күштері штабтар бастықтары комитетінің төрағасы Дэн Кейн де 22 маусымда журналистерге берген сұхбатында Фордо нысанына «өте ауыр зақым келгенін» растады. Алайда ол ядролық құрылғылардың нақты зақымдалғаны жөнінде пікір білдіруден бас тартты.

Ал Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) қазіргі уақытта Фордо кешеніндегі зақым көлеміне қатысты нақты дерек ұсынған жоқ. Агенттік тек 22 маусымда Ирандағы ядролық нысандарға жасалған соққыдан кейін радиация деңгейінің жоғарылау белгілері анықталмағанын хабарлаған.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды