Ақсудағы дауылда ағаш қадалып қаза тапқан әйелдің отбасына 1 млн теңге ғана көмек көрсетілген

Азиз Қалижан Редактор
23.06.2025, 16:54
1632
Ақсудағы дауылда ағаш қадалып қаза тапқан әйелдің отбасына 1 млн теңге ғана көмек көрсетілген әлеуметтік желіден

30 маусымда марқұм 57 жасқа толар еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысы Ақсу қаласында болған қайғылы оқиғада көз жұмған әйелдің отбасына жергілікті билік бір миллион теңгеге жуық әлеуметтік көмек бөлді.

19 маусым күні қатты дауыл кезінде ағаш бұтағы сынып, жол жиегінде кетіп бара жатқан таксидің алдыңғы терезесін тесіп өткен. Оқиға салдарынан көліктің алдыңғы орындығында отырған 1968 жылы туған жолаушы әйелдің кеудесіне бұтақ қадалып, оқиға орнында көз жұмған.

Марқұм — Ақсу қаласындағы №19 балабақшаның хореографы Марина Валерьевна Пахомова. 30 маусымда ол 57 жасқа толар еді. Артында кәмелетке толған үш ұлы мен бір немересі қалды.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, әйелдің отбасына жұмыс істеген уақыты үшін 310 мың теңге көлемінде өтемақы төленбек. Сонымен қатар, жерлеу рәсіміне 360 мың теңге бөлініп, туыстарын тасымалдау үшін автобус та берілген.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, жалпы көмек көлемі 950–960 мың теңгеге жуықтаған.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды