Бас прокурордың орынбасары алаяқтарды анықтау жұмыстары күшейтілгенін жеткізді

23.06.2025, 17:51
568
Бас прокурордың орынбасары алаяқтарды анықтау жұмыстары күшейтілгенін жеткізді Banki.ru

Интернет-алаяқтықтың түрі көбейіп барады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда интернет алаяқтық пен киберқылмыстармен күрес күшейтілді. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Kazinform агенттігінің BIZDIÑ ORTA подкастында мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы жылдары қылмыстық әрекеттердің сипаты өзгеріп, күш қолдану орнына цифрлық құралдар арқылы жасалатын алаяқтық көбейген.

«Бұрын қылмыскерлер біреудің мүлкін күшпен тартып алатын болса, қазір олар смартфон мен компьютерді құрал ретінде пайдаланады. Интернет-алаяқтықтың түрі көбейіп барады. Бұл бағытта азаматтардың ақшасын жымқыру деректері аз емес», – деді Жандос Өмірәлиев.

Ресми мәліметке сәйкес, 2024–2025 жылдар аралығында 5 мыңнан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталған. Оның ішінде:

453 интернет-алаяқ,

85 киберқылмыстық топ,

200-ден астам дроппер анықталып, жауапқа тартылған.

«Дроппер деп алаяқтарға көмектесіп, өз шоттары мен банк карталарын пайдалануға берген азаматтарды айтамыз», – деп түсіндірді Бас прокурордың орынбасары.

Жандос Өмірәлиевтің айтуынша, ішкі істер органдары арнайы бөлімшелер құрып, бұл бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Прокуратура мен полиция бірлескен іс-шаралар арқылы интернет қылмыстармен күресті күшейткен.

Сонымен қатар, Парламентте заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылуда. Онда байланыс операторлары мен банктердің жауапкершілігін арттыру ерекше назарда тұр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды